Атырау, 11 желтоқсан 11:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жанған қоқыс емес - қамыс

3 317 просмотра

10 сәуір күні кеште Атырау түтіннің құшағында қалды.

Барынша қою түтін Астрахан автокөлік тас жолын жапты. Қаланың батыс бөлігінде Нұрсая мөлтек ауданындағы 5 қабатты  үйлер көзден таса болды. Қалалықтар мұны алғашында қоқыс  алаңы жанып жатыр деп ойлады.

- Жоқ, бұл біз емес! – деп қуана мәлімдеді 5-ші  шақырымдағы қоқыс алаңына тікелей жауапты  «Арнаулыавтобаза» КМК директорының орынбасары  Зауырбек ЖАЙЛЫБЕКОВ.  – Бұл Еркінқала жақтан өртенген қамыс түтіні.

- Біздің селодан бірнеше шақырым жердегі Каспий теңізі жағалауындағы қамыстар жанып жатыр, –  деп нақтылады Еркінқала селолық округінің әкімі Ерғали ТАПАНОВ. – Ол жерге өрт сөндіру машиналары бара алмайды.

«Ақ Жайық» резерватының директоры Елемес РАХМЕТОВ өрттің Пешной жарты аралынан басталғанына сенімді.

- Өрттің Пешнойдан басталғанына менің куәлік айғақтарым бар, ал, жанған қамыстың жалыны желмен Жайық арқылы жалғасып, біздің резерват аумағында өрттің тұтануына себепші болды. Бұл өзен сағасының бойы – 1-ші, 2-ші және 3-ші ерік араларындағы батпақты жерлер, оған машиналар бара алмайды. 11 сәуірде біз ол жерлерге келтірілген залалды есептеу үшін қайықпен бардық. Дегенмен, жануарлар дүниесі айтарлықтай зиян шеге қоймаған сияқты.

ТЖД мәліметтері бойынша, 8 сәуірде Пешной жарты аралында көпір ауданында қалың қамыс алып жатқан 300 гектар алаңның  300 метрі (9 гектар) өртке оранды. Өрт кезінде жергілікті тұрғынның бұзауы жанып  кетті. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 сәуір 2012, 00:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.