
Күнтізбедегі ерекше үйлесімімен есте қалған 26 маусым 2026 жылы еліміз бойынша 4 мыңнан астам жұп заңды некесін қиюға өтініш берген.
Оның ішінде 152 өтініш Атырау облысынан түскен. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, өтініштердің 91 пайызы Атырау қаласының АХАТ бөлімі арқылы қабылданған.
Мамандардың айтуынша, символикалық күнге қызығушылықтың жоғары болуына байланысты 26 маусымға берілген өтініштер саны әдеттегі күндермен салыстырғанда жеті есеге артқан. Осыған байланысты рәсімдерді сапалы ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылданып, жас жұбайлардың келу уақыты кезең-кезеңімен белгіленді. Бұл келушілердің көп шоғырлануына жол бермей, рәсімдердің кедергісіз өтуіне мүмкіндік берген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалының АХАТ басқармасының басшысы Алмагүл Төремұратова барлық өтініш алдын ала зерделеніп, жас жұбайлардың ыңғайына қарай уақыт белгіленгенін атап өтті.
Жалпы, жыл басынан бері Атырау облысында 1329 жұп заңды некесін қиды.
В Атырау +30.1