
Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. 24 маусымдағы деректерге сәйкес, ең көп арзандаған өнім – қызанақ, оның бағасы 5,5%-ға түсті.
Бұдан бөлек І санаттағы жұмыртқа мен қияр 1,3%-ға, пастерленген сүт, айран, сүзбе және қара шай 0,2%-ға арзандады. Ал күріш, балық, қаймақ, алма және ас тұзының бағасы 0,1%-ға төмендеді.
Өңірлер бойынша бағаның төмендеуі Қонаев (-0,5%), Көкшетау (-0,4%), Павлодар (-0,3%), Шымкент, Атырау және Петропавл (-0,2%) қалаларында байқалды. Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскеменде баға өзгеріссіз қалды.
Бағаның төмендеуіне маусымдық көкөніс өнімдерінің арзандауы және кейбір бакалея тауарларының құнының түсуі әсер етті.
Орташа республикалық бағалар:
қызанақ – 654 теңге/кг (ең төменгі баға Шымкентте – 406 теңге),
күріш – 532 теңге/кг (Қызылордада – 461 теңге, Алматыда – 478 теңге),
картоп – 280 теңге/кг (Таразда – 220 теңге),
жұмыртқа (10 дана) – 575 теңге (Көкшетауда – 486 теңге, Ақтөбеде – 488 теңге).
Ет өнімдері бойынша сүйекті сиыр еті – 3 777 теңге/кг, ал тауық еті – 1 725 теңге/кг деңгейінде қалып отыр.
В Атырау +23.9