Атырау, 28 қараша 18:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жер-ананың мұңы бар

4 146 просмотра

Біздің аймақта техногенді жер сілкінісі қаншалықты қауіпті? Осы сауалмен біз ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, КСРО құрметті мұнайшысы, құрметті жер қойнауын барлаушы Махаш РАХМЕТОВКЕ (суретте) жолықтық.

 

ЖЕР ЖАРАСЫ

– Кен орындарын жасақтау мен сейсмикалық жағдайлар арасындағы байланысты дәлелдейтін барынша бұлтартпайтын статистика бар. Менің әріптесім Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Владимир СИДОРОВ кен орындарын игерудің бастапқы кезеңі мен техногенді сейсмикалық әсерлердің басталуы арасындағы уақытша интервалдарын алып, мысал келтірді: Старогрозненское (Ресей) – 8 жыл, Бурунное (Түркменстан) – 13 жыл, Willmington (АҚШ) – 21 жыл, Долина (Украина) – 26 жыл, Құм-Даг (Түркменстан) – 34 жыл, Ромашкинское (Ресей) – 39 жыл, Газли (Өзбекстан) – 12 жыл.

Мәселен, АҚШ-тағы Baldwin Holls мұнайлы кен орнында 200 метрге дейінгі тереңдікке және 16-18сантиметреніне қарай жоғары қабаттарда жарықтар пайда болған. Ал  Buene Vista мұнай кен орнында жоғарғы топырақ қабатында  ұзындығы 2,6 шақырым және ені 74 сантиметр шамасында жарық байқалған.

Түркменстандағы Құм-Даг кен орнында 1983 жылы болған жер сілкінісінің нәтижесінде ұзындығы 20 шақырым және ені шамамен 20 сантиметрдей топырақтың жоғарғы қабатында жарық пайда болған. Тағы да мысал келтірер болсақ: Ресейдегі Самотлор кен орнында шамамен 500 метрдей тереңдіктегі жер сілкінісі жүздеген ұңғыларды жауып тастады. Ал АҚШ Willmington кен орнында ұңғылар 8,8 метрге төмен түсіп кеткен.

ҚР Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес Атырау облысының аумағы, оның ішінде Каспий теңізі акваториясы Рихтер шкаласы бойынша теңселу шегі 6-8 баллдық жер сілкінісінің біліну мүмкіндігі жер қыртысы учаскесіне жатады. Ал ірі Теңіз, Королевское, Қашаған, Қайран, және Ақтоты секілді мұнай-газ кен орындары ірі резервуарлар деп есептеліп,  ұзындығы шамамен 160 шақырым болатын бірыңғай тектоникалық аймақ болып табылады. Қазақстанның барлық ірі мұнай және газ кен орындары іс жүзінде ықтимал сейсмикалық қауіпті төндіреді. Төніп келе жатқан қауіптің алғашқы дабылы 2011 жылы 21 ақпанда Теңіз кенішінде теңселу шегі 4,1 баллдық жер асты дүмпуі болған еді. Бұл кен орнындағы мұнай мен газды өндіру көлемі 1993 жылмен салыстырғанда 26 есе өсті (1993 жылы бұл жерде 1 млн тонна, ал 2011 жылы 25,84 млн тонна мұнай өндірілді).

 

ҚАУІП ТҰЗДЫҢ АСТЫНДА

– Техногенді жер сілкіністерінің табиғаты қандай?

– Кен орнынан мұнайды өндіруді қарқынды түрде арттыру жер қабаты қысымының күрт төмендеуіне әкеліп соқтырады. Ал бұл өз кезегінде жер қабаты және тау қысымы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Тау қысымы тау жыныстарының қатты бөліктеріне оларды тығыздандыра отырып әсер етеді. Жер қабатының қысымы болса, керісінше, бұл процеске қарсы әрекет етеді. Теңіз кенішіндегі мұнай араластыратын ыдыстардағы жер қабаты тұзды карбонатты шөгінділер болып табылады. Бұлар коллекторлар: жарықтар, қуысты жарықтар және беткейлік жарықтар. Жер қабаты қысымының  деңгейінің төмендеуі барысында олар тау қысымының жүктемесін көтермей қалады. Соның салдарынан коллектордағы барлық жарықшақтар өзгеріске ұшырайды.

Тау жыныстарының қысымы, былайша айтқанда, мұнай қабаты резервуарларынан  жоғары жатқан жер қабаты. Теңіздегі жиналған шөгінді 1 550 метр биіктікке жетеді.  Егер жер астынан дүмпу орын алса, оңай болмасы анық...

Тұз үсті кен орындарындағы терригенді шөгінділер  түйіршікті түрде жер сілкінулерге барынша бейім келеді. Техногенді жер сілкінулер  жоғары қысымды карбонатты тау жынысты тұз-асты мұнай-газ кен орындарында жиі орын алады. Теңіз бен Қашаған осындай кен орындары болып табылады.

 

КЕЗ-КЕЛГЕН СӘТТЕ

– Бұны күні бұрын болжап айтуға болмас, дегенмен, келесі жер сілкінісі, сіздің ойыңызша қашан болады? 

– АҚШ-тағы орын алған жер қыртысының жарылуы туралы ақпаратты талдап қорыту, әдетте, мұндай процестердің кен орнын өңдеуді бастағаннан кейінгі 15-20 жылдан соң туындайтындығын көрсетті. Ал енді осы кен орнын 1991 жылдан бастап игере бастағалы қанша уақыт өтті, соны есептеп қараңыздар?!

Бұл жер сілкінісінің кез-келген сәтте орын алатындығын білдіреді. Теңіз кен орны жағдайында үнемі қайта қалпына келтіріу жұмыстары жүргізілуі керек және жер қабаты қысымын бір қалыпты ұстау үшін тиімділігі күдікті күкіртсутекті газбен толтырғанша, су қабатын айдау керек еді. Олай болмаған жағдайда Рихтер шкаласы бойынша 5-6 баллға дейінгі жер сілкінісі орын алуы мүмкін.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 шілде 2012, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.