Атырау, 7 қазан 09:37
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жапырақтар шапа шекті

9 789 просмотра

Қаптаған зиянкес қоңыздар Атырауға шабуыл жасады. Ұзақ уақыт бойы ылғалсыз күйде 50 градустық ыстыққа да шыдамды, ең төзімді деген қарағаш түгелімен жапырағанынан айырылған. Олар келер көктемде бүр жарып, бізді қуанта ала ма, мәселе сонда.

Қаладағы жасыл желектің қазіргі күйі аянышты халде: ала қоңыз ағаштарға шабуыл жасауда, әсіресе қарағаштар зардап шегуде, олар барлық жасылды жеп, өзінің артынан жапырақтың құр сүлдесін ғана қалдырады. Мұның бәрі зиянкестердің жаппай көбеюінің нәтижесінен орын алып отыр.  Кішкентай ғана ұшатын насекомдар жергілікті флора үшін нағыз апат болды. Жәй ғана қарағаштың бұтағын сілкісеңіз болды, қоңыздар төменге қарай бұршақша шашылады.  Олардан адамдарға қауіп жоқ. Мұндай қоңыздардың көптеп жиналуынан ашыған майдың иісі шығады. Бұл насекомдардың көбеюі ауаның жоғары газдануына әсер етеді.

«Атырау Зеленстрой» ЖШС бұл орын алған проблемадан хабардар. Бұл насекомдарды құртуға қабілетті арнаулы химикаттар Ресейден Атырауға әкелінеді.

Көгалдандырушылардың айтуынша, қоңыздардың жаппай ұшуы маусым айының аяғында болады. Шілденің ортасында 2-ші рет жұмыртқа салу барысында дернәсілдер пайда болады, ал тамыз айының аяғында қоңыздар тағы да ұшып шыға бастайды. Бұлар топыраққа қыстап шығады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суреттерді түсірген автор және Қанат ЕЛЕУОВ

Ағаш үшін жапырақ адамға қажетті өкпе секілді. Жапырақтағы сәл ғана саңылау арқылы құрамында көмірқышқылы бар ауа жапырақтың ішіне енеді. Сол жерде көмірқышқыл  күн сәулесінің әсерінен көміртек пен оттекке ыдырайды.  Жапырақсыз ағаштар өмір сүре алмайды.

22 тамыз 2012, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.