Атырау, 28 қараша 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тереңдету жұмыстары басталады

2 476 просмотра

Жайық түбін тереңдету жұмыстарына республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді.

-  Бұл қаржыға Индер поселкесінен Атырау қаласына дейінгі өзеннің 17 шақырымындағы балдырлы қайраңы тазартылатын болады, - дейді табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасының бастығы Ербол ҚУАНОВ. Жоба 2016   жылға дейін есептелген. Тереңдету жұмыстарын бірден толық көлемде жүргізуге болмайды, бұл сусыз қалу қауіптілігін тудырады.

Атырау облысы құрылыс басқармасының мәліметтері бойынша жобаның нақты атауы – “Өзеннің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту”. Мердігері «Мұнайқұрылыссервис» ЖШС жұмысқа бірден уылдырық шашу аяқталған бойда, маусым айының аяғында кіріседі. Олар күзгі уылдырық шашуға дейін Индер ауданындағы қайраңды қазып бітіреміз деп есептеп отыр.

Пилотты жоба ретінде 9 алқапты сулы- ескі арналарда шлюз-реттегіштерді орнату жұмысы басталып та кетті. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 427 млн теңге бөлінді.

- Шлюздерді  біз жазғы мезгілде тасқын суларды барынша пайдалану үшін орнатып жатырмыз, - дейді Е.Қуанов.  

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

13 маусым 2012, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.