Атырау, 1 желтоқсан 22:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Атырауға алдымен ауа керек

4 331 просмотра

Ұзақ уақыт Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің  Жайық-Каспий экология департаменті болып келіп, кейін қайта құрылған Атырау облысы бойынша экология департаменті БАҚ пен ҮЕҰ үшін жабық мемлекеттік органдардың бірі болып қалды.  Жаңа бастық Ербол ҚУАНОВ (суретте)  министрліктегі команданың ауысуының арқасында (жыл басында Нұрғали ӘШІМОВТІҢ орнына министр болып Нұрлан ҚАППАРОВ тағайындалды) мұның бәрінің  өткеннің еншісінде қалғандығына сендірді. Департаменттің жоспарлары мен экология проблемалары жөнінде біз Е.Қуановпен әңгімелестік.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ СОЛ ҚАЛПЫНДА

- Департамент жұмысында қандай басымдықтарға көңіл бөліп отырсыз?

- Олар өзгерген жоқ. Біріншіден, олар жайылған мұнай ұңғылары. Мемлекеттік қорда тіркелген ұңғылар бар және жер қойнауларын пайдаланушы, мәселен, «Ембімұнайгаз», «Арна-ойл» және басқа да мекемелердің шартты аумақтарда орналасқандары да бар. Мұндай ұңғылардың жалпы саны жөніндегі мәліметтер әлі де анықталатын болады. ТЖ басқа цифрларды келтірсе, экология басқасын көрсетіп отыр. Өткен жылғы ұңғыларды түгендеу қорытындысы жаңа нәтижелер берді. (ҚР Индустрия министрлігінің ақпаратына сәйкес, жайылу аймағында 1 262 ұңғы анықталды.  – Л. С.) Бүгінгі күні бізге апатты мұнай және гидрогеологиялық ұңғылардың нақты саны белгісіз. Біз үшін бұл неліктен маңызды? Өйткені, бізге Қашаған кен орнын игергенге дейінгі жалпы бүліну картинасын нақты білу керек, әйтпесе мұнай компаниялары теңізді ластаған жағдайда оларға талапты қалай қоя аламыз? Олар бізге бұл ластанудың қазақстандық апатты ұңғылардың салдарынан болғандығын алға тартады. Алайда, бұл проблеманы шешу  бір ғана біздің қолымыздан келмейді. Министрлікке иек артатын боламыз. Қазір менің қолымда құқықтық негіз бар және мен жер қойнауын пайдаланушылардан ұңғыларды жоюдың ұзақ мерзімді бағдарламасын жасап, келісімге келуді талап ете аламын.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

- Екінші – бұл зиянды шығарылымдар. Жыл сайын атмосфераға облыс бойынша 100 тоннаға дейін ластаушы заттектер шығарылады. Ал кейін қаланың ішінде бензол, хош иісті көмірсутектер өндірісі бойынша зауыттар салынғанда, Қашағанда мұнай өндіру басталғанда, газ-химия зауыты іске қосылғанда не болады? Болжам бойынша сол кездерде зиянды шығарылымдардың көлемі 2 есе артпақшы. Сондықтан да бүгінгі күні жағдайды ең болмағанда тұрақтандыру керек. Техникалық өрлеуді тоқтату мүмкін емес, бірақ, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін технологиялар бар. Біздің еліміз қабылдаған «жасыл экономика» принциптері бар. Экологиялық таза технологияларды енгізу талаптары экологиялық кодексте де жазылған.

- Сіздің талаптарыңызда компаниялардың ескеруіне әсер ететіндей  қандай негіз бар?

- Біз қоршаған ортаға ақша бөлуге рұқсат бермейміз. Ал бұл қызметті тоқтатуға ұрындырады. Мұның ірі зауыттар үшін қандай болатынын өздеріңіз жақсы білесіздер. Бұдан басқа, «жасыл» технологияны қолданушы табиғат қорғау шараларының жоспарынсыз жоба жұртшылықтың қолдауына ие болмайды. Ал онсыз біздің жобаны мақұлдауға құқығымыз жоқ. 

- «Жасыл» технологияны енгізу жоба құнының қандай  пайызын құрайды? Әдетте, бүгінгі таңда барлық ірі жобалар қарыз ақшалар арқылы жүзеге асырылады ғой. 

- Мені эколог ретінде бұл мәселелер толғандырмайды. Бастысы, зиянды шығары-лымдардың аз болғаны және егер жобалар бастапқыда тиімді болмаған болса, онда оны жүзеге асырмаған болар еді. 

ҚОҚЫСТЫҢ ҚАМЫ ҚАРАСТЫРЫЛУДА

- Қалалық қоқыс алаңының проблемасы ше? Бұл қала-лықтардың бүгінгі күнгі ең  өзекті мәселесіне айналып отыр... 

- Иә, бұл да, сөзсіз, басымды мәселелердің бірі. Алайда, қалдықтар проблемасын кең ауқымды деуге болады. Қалдықтар екі санатқа бөлінеді. Ең қауіпті қалдықтар - мұнай-газ өнеркәсібінің қалдықтары.  Бүгінде мұнай-газ кәсіпорындары  қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын мекемелермен келісім-шарт жасауда. Қазір ондай мекемелер аз емес. Алайда,  одан кейін қалдықтар қайда апарылады және қалай пайдаға асырылады, міне, ол басқа бір мәселе. Өйткені, БАҚ-тағы  қалдықтардың құйылуы туралы, мәселен, Соколок өзеніне  немесе қараңғы түнде тиісті емес жерлерге төгілгендігі туралы мақалалар себепсіз жазылмайды ғой. Біз мұнымен де айналысамыз.  Қалалық қоқыс алаңына келетін болсақ, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдаланушылар басқармасында басшы болып жұмыс істеген кезде қалдықтарды басқару бағдарламасы жасалған болатын. Осы бағдарламаның аясында  қоқыстарды қалпына келтіру туралы мәселе қаралды. Бірақ оның бәрі оңай емес. Онда тіпті, 70-ші жылдардан қалған қаланың барлық қатты қалдықтарының жиналғандығын  түсіну керек. Және оны ашып, қоқысты тасуға болмайды. Өзіңіз ойлап қараңыз, онда қаншама жұқпалы ауру тарататын бактериялар бар? Ал егер оба немесе түйнеме таяқшалары бөлінсе, індет бүкіл қаланы жайлап алуы мүмкін. Қазір бірнеше нұсқалар қарастырылуда, оның ішінде топырақ төгу және тегістеп тастау бар. Жер қабаттарында жинақталған қоқыс газын алдын-ала қоқыс ішінен  тұрмыстық мақсат үшін салынған тұрба арқылы пайдалану  идеясы да бар. Алайда, бұл жерде қоқыс газының қаншаға жететіндігі жөнінде мәселе туындайды. Сондай-ақ, тағы бір жайт: жердің үстіңгі қабатына жақын жатқан жерасты суларын ластамау үшін қоқыстың периметрі бойынша мониторингілік ұңғыларды бұрғылау керек болады. Табиғат қайнар көзін бүлдірудегі соңғы келеңсіздік. Тағы бір тәсіл – бөлінген қоқыс газын ашық ауада жағу. Бұл жағдайда қазіргідей қоқыс өртенгенде қаланы түтін жайлап алмайды. Қысқасы, жоба қарапайым емес, өте қызықты.  Қалалықтар 50 жылдан бері қоқыс жиналып келе жатқан алаңды бір сағатта жаба салуға болмайтындығын түсінулері тиіс.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

15 тамыз 2012, 23:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.