Атырау, 10 желтоқсан 01:48
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Келешектен не күтеміз?

4 684 просмотра

Облыстық прокуратураның үйлестіру кеңесінің отырысында экология басты тақырыпқа айналды.

ТҰРАҚТЫ ӨСУ

Цифрларға сүйенсек, жағдай мүшкіл. Атмосфераға тасталатын лас шығарындылардың жалпы көлемі тұрақты түрде артып барады. Өткен жылы ол 107,3 мың тонна (97,3 мыңы стационарлық және 10 мыңы жылжымалы өндіріс көздерінен) болды, негізгі үлес мұнай-газ саласының еншісінде. 2011 жылы байқалған стационарлық өндіріс көздерінен түсетін лас шығарындылар көлемінің сәл төмендеуі кейбір кәсіпорындардағы өндірістік қуаттылықтың азаюымен ғана байланысты болып отыр. Мәселен,  «Интергаз Центральная Азия» ЖАҚ газ тасымалдауды азайтқан, сондықтан да оларда 33 пайызға азайған.

Атырау мен қала маңындағы селолардың атмосфералық ауасына жасалған мониторингісін Гидрометеорология орталығының 20 қосыны жүргізеді. 2011 жылы күкіртсутектің рұқсат етілген шекті мөлшерден әжептәуір асып кетуінің жиілеп кеткені, күкіртті ангидрид, азот диоксиді, қатты бөлшектер мен улы газ шығарындыларының көбеюі байқалған. Жайық-Каспий экология департаментінің экология инспекциясы 270 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 188 заң бұзушылық анықтаған, 1,6 млрд теңге сомада айыппұл салынған. Департаменттің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі тек 83 тексеру жұмыстарына ғана тартылған. Ал, зертхананың қатысуынсыз атмосфералық ауаны сапалы бақылау мүмкін емес.

 

ШТАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖИІЛЕДІ

Салыстырмалы талдау жұмыстары ірі кәсіпорындарда шығарындылардың көбейгендігін көрсетіп отыр. Мәселен, өткен жылы «Ембімұнайгаз» ӨФ-де олар 74 пайызға, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясында 27 пайызға, «Қазтрансойл» АҚ БФ-да 14 пайызға, «Теңізшевройл» ЖШС-де 0,4 пайызға көбейген. Ілеспе газды ТШО мен Ембімұнайгаз алауларында өртеу де атмосфераға зиянды әсерін тигізеді. Өткен жылы ТШО нысандарында штаттан тыс 59 жағдай орын алып, Экология департаменті 643 млн теңгеге айыппұл салып, 7 млрд теңгеден астам сомада зиянды өтеу туралы ұйғарым шығарған еді.

- Штаттан тыс жағдайлар жүйелі түрде орын алатын болды, бірақ экологтар қатаң шаралар алуға асығар емес. Мәселен, қызмет етуге рұқсат беруді тоқтатса, - дейді облыс прокурорының көмекшісі Рүстем ҒАПУ.

 

СЫРЛЫ ЦИФРЛАР

Кеңесте қалдықтар полигонының экологиялық нормаларға сай келмейтіндігі айтылды. Коммуналдық қалдықтарды полигонға сұрыптаусыз төгіп жатыр. Соның салдарынан олар әлсін-әлі тұтануда. Ресми түрде жыл басынан бері 5 өрт тіркелген, алайда, қала тұрғындары осынау цифрлардың шындыққа сай еместігін біледі. Ескі полигонның өндірістік қуаттылығы баяғыда сарқылған. Ал жаңасын бес жылдан бері жұмыстар жүргізіліп жатса да, әлі салып бола алмай жатыр. Аудандарда полигондар тіптен заңдастырылмаған.

2010 жылы 2010-2013 жылдардағы Атырау облысының қатты тұрмыстық қалдықтарын басқару бағдарламасы жасалды. Бірақ, ол әлі күнге дейін бекітілмеген. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормалары 2006 жылдан бері жаңартылмаған.

Жер қойнауын пайдаланушылардың полигондарында да тәртіп жоқ. Экология департаментінің мәліметтері бойынша, облыс аумағында 6,9 млн тоннадан астам өндіріс қалдықтары жиналған. Соның ішінде 4,1 млн тоннасы жентектелген күкірт, 197,8 мың тоннасы өнеркәсіптік және 2,6 млн тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар. Алайда, бұл мәліметтер осындай цифрларды азайтуға бейім кәсіпорындардың өздері ұсынған ақпараттың негізінде жасалған.

 

ҚОРЫҚТАҒЫ БРАКОНЬЕРЛЕР

Табиғи қорықтар аумағын жеке кәсіпорындар пайдаланған фактілер де айтылды. Мәселен, Каспий теңізінің жағалау аймағында геологиялық барлаумен айналысатын «Жамбай» ЖШС «Новинский» қорықшасының 42 мың га жерін пайдаланған. Қазір аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы бір факт: табиғи ресурстар басқармасы «ТҰЗ» ЖШС-мен және «Caspiy-Salt» ЖШС-мен ас тұзын өндіруге келісім-шарт жасаған. Мұндағы учаскелер бірегей табиғи су нысаны – Индер көлінен бөлінген. Аудан әкімдігінің бұл шешіміне прокуратура наразылық білдірді.

«Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватында да заң бұзушылықтар анықталған. Оны құрған кезде резерват аумағына бұрын 6 өндірістік кооперативке тиесілі болған жерлер енгізіліпті. Олардың мүлкін өтеу туралы мәселе әлі күнге дейін шешілмеген. Резерваттың су айдынында оның басшылығының рұқсатымен шағын кемелер жүзіп жүреді. Анықталған заңсыз балық аулау кәсіпшілігінің негізгі бөлігі «Ақ Жайық» МТР аумағында орын алатыны анықталған. Бұл оның аумағының тиесілі түрде қорғалмайтындығын білдіреді. Алайда ондағы инспекторлар штаты жеткілікті.

 

«КӨҢІЛДІ» КЕЛЕШЕК

Отырысты қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ таяу жылдары шығарындылардың көбеймесе азаймайтынын айтты. 2015 жылға қарай ірі кәсіпорындарға ТШО-ның үшінші тынысты зауыты, «Болашақ» зауыты, АМӨЗ-гі хош иісті көмірсутек өндіру кешені қосылады. Ол қоршаған ортаны қорғау министрлігінен берілетін рұқсат беру қызметін жергілікті экология департаментіне беру керек, өйткені министрлік аймақтағы ахуалға айтарлықтай қанық емес, сондай-ақ, қоршаған ортаға әсерін ескере отырып, мұнай-газ кәсіпорындарының санитарлық-қорғаныс аймағының шекарасын қайта қарау қажет деп есептеп отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 маусым 2012, 21:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.