Атырау, 28 қараша 11:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түтінге тұншыққан қала

3 228 просмотра

Букмекерлік кеңселерге енді «Атырауды тұмшалайтын түтінге не себеп болады - өнеркәсіп шығарындысы ма, қоқыс орны ма, әлде өртенген қамыс па?» - деп ставка қабылдайтын кез келді.

Бір ай бұрын қала тұрғындарының «Ақ Жайық» резерваты аумағындағы от шалған қамыстың салдарынан Дамбы жақтан ескен күлімсі иістен зардап шеккені есімізде. Содан кейін іле-шала қоқыс орны өртенді.

АМӨЗ жақтан да газ иісі келіп тұрады деп, Стройконтора тұрғындары шағымданады. Алайда Жайық-Каспий экология департаментінің лаборанттары ештеңе таба алмады.

Өткен демалыс күндері қаланың ауасы қайтадан бүлінді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Самал АБИРОВАНЫҢ мәліметтері бойынша, 13 мамыр күні 12 сағат 55 минутта АМӨЗ-дің булану алаңында қамыс өртенген. Өртену алаңы 7х3 километрді құрады. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 3 өрт сөндіру жасағы мен зауыттың 2 жасағы жұмылдырылды.

АМӨЗ-де бар болғаны булану алаңындағы Сасықсай деп аталатын (Сасықсайдың жалпы алаңы – 30 гектар шамасында) карталардың бірі ғана өртенгендігін мәлімдеді. Зауыт басшылығы жиналыстардың бәрінде өздерінің булану алаңын қамыс тұтандырушылардан қорғайтын еліміздегі бірден-бір кәсіпорын екендігін мәлімдеп келеді. Күзет 2008 жылдың қыркүйегінде Сасықсайдағы атышулы өрттен кейін қойылған болатын. Ендеше бұл жолы олар қайда қарады екен?

Ал «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы өрт болған кездегі атмосферадан сирек жағдайды тіркеген. Филиал директорының орынбасары Татьяна АКАТЬЕВАНЫҢ айтуынша, өрт жалынының үстінде қалқып жүрген бұлт түтінді «жұтып», найзағайлы қара бұлтқа айналған. Осылайша қара күйе мен басқа да өртенген өнімдерді сіңірген бұлт қаладан әрірек ауып кеткен. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

16 мамыр 2012, 21:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.