Атырау, 27 қараша 23:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Теңізшевройл» тағы айыппұл төледі

2 296 просмотра

Өткен жылы Жайық-Каспий экология департаменті  «ТШО» ЖШС-нің 2010 жылы газды  оның ішінде пропан, бутан, құрғақ газды жағуда нормативтен асып кеткендігін анықтады. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экологтар 1,1 млрд теңгеге бағалады.

Дәстүр бойынша, «Теңізшевройл» тағайындалған айыппұлмен келіспеді және бірнеше рет сотта наразылық білдірді.

«АЖ» газетіне Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Жасұлан ЖҰМАҒАЗИЕВ хабарлағандай, үстіміздегі жылдың 10 ақпанында прокуратураның ұйғарымы бойынша нақты сот шешімі орындалды. 1 млрд 112 млн 683 мың 980 теңге көлеміндегі айыппұлдың барлық сомасы және 33 млн. 380 мың теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж салығы республикалық бюджетке түсіп үлгерді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 ақпан 2012, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.