Атырау, 28 қараша 09:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Кесел химиядан келді ме?

3 224 просмотра

Каспийдегі 35 итбалықтың қырылу себебі әлі анықтала қойған жоқ.

Бүгінгі күні ветеринария бойынша ұлттық орталықтың зертханалық тексерулерінің қорытындысы дайын. Өлі итбалықтарды зерттеу барысында жануарлардың бауыры мен асқазандары және ішектерінде химиялық элементтердің артқандығы белгілі болды. Алайда, Маңғыстау балық инспекциясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Салават СЕЙІТОВТІҢ айтуынша, әзірге қандай да бір қорытынды жасауға ертерек.

- Итбалықтардың қырылуының себебіне  қатысты қазір нақты  ешнәрсе айта алмаймыз,– деді ол. – Және 35 итбалықтың өліп қалғандығын жаппай қырылуы деп айтуға болмас. Естеріңізде болса, 2000 жылы 10 мың итбалық қырылып қалған кез болды, міне, оны шын мәнінде жаппай қырылып қалу болды деп айта аламыз. Бұл жерде олардың ажалы табиғи, қыс қатты болды, ғылыми тұрғыдан алып қарағанда  итбалықтардың күшігінің 35%-ы түрлі себептер бойынша өліп қалады.

Мұндағы нақты шешім эпидемиология институтының айтар қорытындысында, - дейді Сейітов. Бірақ, олардағы анализ нәтижелері әзірге дайын болған жоқ.

Сейітовтің айтуынша, осыдан дәл бір апта бұрын теңіздегі мұз құрсауы түгелдей кетті, егер қыста итбалықтар өлген болса, олардың өлекселері әдетте жағалауға шығып қалады. Инспекторлар жағалауды үнемі бақылауда ұстап отыр. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

25 сәуір 2012, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.