Атырау, 28 қараша 23:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қарт Каспий күрсінді

4 889 просмотра

12 тамыз – Каспий күні

2003 жылы Тегеранда барлық бес Каспий маңы елдерімен Каcпий теңізінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі Рама конвенциясына қол қойылды. Ол 2006 жылы 12 тамызда бекітілді. Содан бері қарай бұл күнді Каспий күні деп  атап өтеді. 

Каспий күнінің қарсаңында  Жайық-Каспий Орхусс орталығында жергілікті ҮЕҰ-ның теңіздің сақталуына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесуі өтті. Орхусс орталығының директоры Шынар ІЗТІЛЕУОВА халықаралық конвенцияда бекітілгеннен кейін де олар туралы көп ешкімнің білмейтіндігін және Қашағандағы кең масштабты мұнай өндірудің басталуына  санаулы айлар қалғанда олардың іс жүзінде жұмыс жасамай отырғандығын қынжыла әңгімеледі.

ҚУЫСПАҚ

Бұл кездесуде мен Каспийдің мүддесіне қатысты барлық актілер мен хаттамалардың біздің мемлекеттік органдарда соңғы минуттарда қабылданатындығын аңғардым. Айталық, мұнай кетіп бүлінген жағдайда Каспий маңы мемлекеттерінің арасындағы бірлескен және бірігіп әрекет ету жөніндегі хаттамаға тек өткен жылы ғана Ақтауда қол қойылды. Мұнай төгілуін ескерту және әрекет ету  жөніндегі ұлттық жоспарды үкімет  үстіміздегі жылдың сәуір айында бекітті. Ал аймақтық жоспарды тек алдағы қыркүйек айында ғана бекітуді көздеп отыр. Әрине, кеш. Өйткені, өнім бөлінісі туралы келісімге отыру барысында мемлекет оған қол қойған тұлғалардың осы келісім аясында мұнай төгілген жағдайда оны өндіруші компаниялардың материалдық жауапкершілігі туралы құжатпен өздерін қауіпсіздендіруге тиісті. Халықаралық тәжірибеде  дәл осылай жасалады.

ВР ЕШҚАЙДА КЕТПЕЙДІ

Мексикалық бұғаздағы апатты еске алайық, британдық ВР корпорациясының бұрғылау платформасындағы жарылыстың салдарынан Атлантикаға  5 млн аса баррель мұнай төгілді. Апат нәтижесінде 11 адам қаза тапты. Келісімдерге сәйкес барлық материалдық шығынды өндіруші компания өтеді. ВР баспаcөз релизі бойынша 2012 жылдың 3 наурызында компания шамамен $22 млрд жұмсады. ВР жеке тұлғаларға, компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге $8,1 млрд төледі, шамамен $14 млрд қаржыны апатты жоюға жұмсады. Естеріңізге сала кетейік, талап арыз берген 100 мың адамның көпшілігі мұнайдың төгілуінен бизнестерін жоғалтқан балықшылар  және жағалауды мұнайдан тазартушы жұмысшылар болып шықты. ВР өкілі одан әрі төлемдер $20 млрд компенсациялық қор есебінен жүзеге асырылатындығын  хабарлады.

ҚР Ұлттық ғарышкерлік агенттігінің  «Ғарышкерлік зерттеу және технологиялар ұлттық орталығы» АҚ президенті  Жұмабек ЖАНТАЕВ сөйлеген сөзінде Каспийдің қазақстандық секторының шельфінде орналасқан кен орындарында апат болған жағдайда мұнайдың төгілу қуаттылығы Мексика бұғазандағы апатпен пара-пар келеді деп мәлімдеді.

БӘРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ЖАУАП БЕРМЕК

Апат орын алған жағдайда біз не ұта аламыз? Атыраулық экологтар бір ауыздан Қашаған және Қарашығанақта  өнімді бөлу туралы келісім бойынша барлық жауапкершілік қазақстандық тарапта деп отыр. Бұл жағдайда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның 100 пайыздық үлесіне ие болып отырған  өзіміздің «ҚМГ» ҰК АҚ. Өздеріңіз білесіздер, ҚМГ-да апат орын алған жағдайда жұмсалатын басы артық миллиардтар жоқ. Бұл жерде әңгіме тек Атырау облысының тұрғындарына берілетін өтемақы туралы емес. 

Барлық мәселенің түйіні сол, егер кең масштабты экологиялық апат орын алса, онда Қазақстанға Тегеран конвенциясына сәйкес барлық Каспий маңы мемлекеттері үшін жауап беруге тура келеді.

Мойындауымыз керек, ҚМГ дегенмен де нашар сценарий туралы ойланған екен. Бірақ, жақында ғана. Осы жылдың ақпан айында мұнай төгінділерін ескерту жөніндегі Ұлттық жоспарды жасақтау барысында ҚМГ өкілдері Каспийде мұнай төгілуіне жауапты резервті қаржы қорын құруды ұсынды.

Қор құрылтайшылары мұнай өндіруші компаниялар, сумен тасымалдаушы компаниялар және Каспийдің қазақстандық секторында қызметті жүзеге асырушы порт құрылымдары болуы мүмкін деп хабарланды. Ұйым құру туралы айтылған кезде ғана жарғылық капиталы теңіз операторларының қаржысынан құралатын және кез-келген сәтте мұнай төгінділеріне жедел және кәсіби тұрғыда қарау керектілігі сөз болды. Тіпті, құру мерзімі мамыр айының басында деп белігіленді.

РЕСЕЙГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН БОЛАДЫ

Қор дегенмен құрылды. Оны құрған біздер емес, ресейліктер. Каспий теңізін қорғауға көмектесу қоры деп аталады. Қазақсандық мүшелерден – танымал атыраулық эколог, қаһарға ұшыраған саяси қайраткер Серікжан МАМБЕТАЛИН бар. Өткен жылы тағы да осындай қор құру жөнінде Атырауда талқыланған болатын. Жергілікті экологтар мәлімдегендей, олардың сөзіне қоршаған ортаны қорғау министрлігі құлақ аспағанға ұқсайды.

- Енді масштабты апат болған жағдайда барлық халықаралық көмек солардың қорына ағылатын болады. Ресейліктер жарады! Маған осы қорда жұмыс істеуге ұсыныс жасады, мен оған келісімімді бердім. Мен қалай болғанда да Каспийді қорғау үшін қайда болса да  жұмыс істеуге дайынмын, - деп мәлімдеді жергілікті қорды құрушылардың бірі. 

БІЗДЕ ФОНТАНДЫ БАСАТЫН ҚҰРАЛ ЖОҚ

Сөз соңында ҚР ТЖМ басшысы Владимир БОЖКОНЫҢ мойындау сөзін келтіре кетейін:  «Біз Каспийде инженерлік орталықты құру туралы әңгімені әлі жүргізіп келеміз, біз техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес хат та жаздық, бірақ, әзірге бізді бюджет қолдамай отыр, бір нәрсе жасау  қиынға соғып тұр. Каспий шельфінде тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге келетін болсақ, мұнай фонтандарын баса алатындай құрал-жабдықтар  және корабльдер бізде Каспийде жоқ».

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 тамыз 2012, 20:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.