Атырау, 28 қараша 20:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Теңіз сырқатының синдромы

2 646 просмотра

ТШО нысандарында кенеттен болатын өлім сериясы жалғасуда.

20 шілде күні ТШО нысандарының бірінде «ДенхолмЖолдас» мердігер компаниясының 36 жастағы қызметкері Жылыой ауданы Қосшағыл поселкесінің тұрғыны Шынғали АХАТОВ қайтыс болды. Жұмыс беруші оның өлімі өндіріспен байланысты емес деп сендіріп отыр, ал, оның туыстары бұған келіспейді.

 

«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ҮЛГЕРМЕДІ

Ахатовтың мұнай шламының бұрғылау ерітіндісіне арналған бейкер-танкті (үлкен ашық ыдыс) тазалау жұмыстарын жүргізу барысында өзін жайсыз сезінгендігі «АЖ» газетіне белгілі болды. Оны ТШО клиникасына апаруға жедел жәрдем шақыртқан, алайда оны өлімнен құтқарып қала алмаған.

«Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджердің орынбасары Линси КРЕЙН адам өлімінің фактісін растады:

-«Денхолм Жолдас» компаниясының қызметкері Теңіз кенішінде қайтыс болды. ТШО оның отбасына, достарына және әріптестеріне қайғырып көңіл білдіреді. Оның өлімінің себебі жөнінде Атырау мүрдеханасының есебі алынды. Олармен тікелей жұмыс жасайтын жұмыс беруші осы мәселеге қатысты бұдан да көп ақпарат ұсынуы тиіс еді.

- Атырау «Сот медицинасы орталығы» РМКК-ның сот-медицина сараптамашысы Н.КАПИННІҢ 21.07.2012 жылғы қорытындысында өлім себебі жүрек ақаулығынан және жүректің ишемиялық сырқатынан деп көрсетілген.

 

«БҰЛ БІЗДІҢ КІНӘМІЗ ЕМЕС»

Қазақстандық-шотландық «Денхолм Жолдас» ЖШС бас директоры Гүлмайра АДАЕВА  бұл жерде жұмыс берушінің кінәсі жоқ дегенге сенімді:

– Менің ойымша, ол вахтаға келместен бұрын ауырған. Бізге Теңіз кенішінде оның апасы мен ағасының да жұмыс істейтіндігі белгілі болды және олардың да жүрек сырқаттары бар көрінеді, үнемі дәрі-дәрмек қабылдайды. Тергеу жүргізген облыстық еңбек департаменті бізге мұның өндірістегі кездейсоқ өлім емес екендігін хабарлады және Н-1 (жұмыс берушінің жауапкершілігін білдіретін өндірістегі кездейсоқ жағдай туралы акт. - Л.С.)актісін рәсімдеудің керегі болмады.

– Алайда, ол қалай болғанда да дәрігерлік тексеруден өтті емес пе?

– Ахатов басқа да жұмысшылар секілді күрделі жөндеу бойынша уақытша жұмыстарға тартылды. Бұл жағдайда жұмысшылар бізге тұрғылықты мекен-жайы бойынша өткен дәрігерлік тексеру қорытындысымен келеді. Бұл жағдайда ол тексеруден Жылыой аудандық емханасынан өткен. Біз «Медикер» клиникасына бізде екі жылдан кем емес жұмыс жасағандарды жібереміз. Сырқатына қарамастан емханада оны дені сау деп куәландырғандықтан бұл біздің кінәміз емес.

- Өзіңіз айтып отырғандай, уақытша күрделі жөндеу жұмыстарына тартылатын қызметкерлер резервуарларды мұнай шламдарынан тазартумен айналысады екен. Бұл жерде әңгіме сөзсіз зиянды жағдайдағы жұмыс туралы болып отыр. Бұл қалай болғанда да өтеле ме?

-Қорғау құралдарынсыз резервуарларға ешкім де жіберілмейді, өйткені, онда күкіртсутегінің булары бар. Марқұм Ахатов бізде жоғары және өте жоғары қысымды су ағыны қондырғысының операторы мамандығына оқыды және өз мамандығы бойынша жұмыс жасады.

Қосымша төлем ақыға келетін болсақ, Теңізде зияндылық үшін төленетін өтемақыны мемлекет алып тастады, бірақ, бізде барынша жоғары еңбекақы – 14 күн вахта үшін 90 мың теңгеге дейін төленетіндігі белгілі. Арнаулы жоғары қысымды жабдықтармен жұмыс істеуге тура келетіндіктен біз үшін ондай жерлерде дені сау адамдардың жұмыс жасағаны өте маңызды екендігін атап айтқым келеді. Күрделі жөндеуге жұмылдырылған 2 000 адамның тек 800-і ғана тұрақты негізде жұмыс жасайды. Қалғандары дайын анықтамаларымен, оның ішінде жұмыспен қамту органдары жібергендер уақытша жұмыстарға тартылады. Кейде тіпті, адамның ауырып тұрғандығы көзге көрініп тұрады, бірақ, оны жұмысқа алмауға болмайды, өйткені, мемлекеттік орган міндеттеп қояды. «Денхолм Жолдас» ЖШС қауіпсіздік техникасы бөлімінің менеджері Бейбіт БИСЕНҚҰЛОВжағдайдың қалай болғанын әңгімелеп берді:

– Оның қасында болғандардың жазған түсініктемелерінен оқиғаның сағат 4-тен 5-ке дейінгі шай ішуге берілген үзіліс кезінде болғандығы белгілі болып отыр. Ахатов өзінің ауырып отырғанын айтып, күртешесінің қалтасынан баралгин алып келуін өтінген. Ол жүресінен отырып, кенет сол жақ бүйіріне қарай құлап кеткен. Ол бірден көз жұмды, жедел жәрдем дәрігерлері оның өмірін сақтай алмай қалды.

 

«ОНЫҢ ЖҮРЕГІ ЕШҚАШАН АУЫРҒАН ЕМЕС»

Шынғалидың ешқашан жүрегі ауырып көрген емес, бізге оның жүрегінің ишемиялық сырқаты бар екен деп хабарлағанда таңданып қалдық, - дейді оның туысқаны Роза. - Отбасының басқа мүшелерінің де жүректері ауырып көрген емес. Мен Шынғалидың ағасымен отау құрғаныма 15 жыл болды, сол жылдардың ішінде ол бірде-бір жүрегім ауырды деген емес. Менің ойымша, қайным Теңізде уланды... Шынғалидың артында әйелі және оның қамқорлығындағы мүгедек қарындасы қалды, ал жұмыс беруші тек оның жаназасы мен қаделеріне ақшалай көмек берумен ғана шектелді.

Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің еңбекті қорғау инспекторы Денис КИМ былай деп мәлімдеді:мүрдені сою жөніндегі сот-медицина сараптамасының негізінде қызметкердің өлімінің өндіріспен байланысты емес екендігі анықталды. Оның айтуынша, тексеру материалдары Жылыойаудандық ІІБ-не жолданған. Егер естеріңізде болса, өлгендігі туралы қорытынды алдын-ала жасалған диагноз бойынша шығарылған болатын.

–Еңбек департаментінің қорытындысы қылмыстық істі қозғауға немесе оны қозғаудан бас тартуға негіз болмайды. Олар тек қызметкердің өлімімен байланысты өтемақы төлеуге қатысты, - деп хабарлады бізге Жылыой аудандық ІІБ. – Біз сот-медицина сараптамасының нақты қорытындысын күтетін боламыз. Ал, алдын-ала жасалған қорытынды өлген адамның туысқандарына өлгендігі туралы куәлікті рәсімдеу үшін беріледі. Оның үстіне материалдарды қарау мерзімі бір айға созылады, осы мерзім ішінде біз шешім қабылдауға тиіспіз. Егер тергеуге дейінгі тексеру барысындағы бір ай мерзімде жұмыс берушінің әрекеті мен қызметкердің өлімі арасындағы байланысы тергеумен анықталмаса, онда қылмыстық іс көтеруден бас тартылады.

Н-1 актісін жасау үшін сот-медициналық сараптаманың алдын-ала жасалған қорытындысы немесе нақты қорытындысы негіз бола ма деген сауалмен мен тағы да облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің еңбекті қорғау бөліміне жолығуыма тура келді. Бөлім бастығы Ибрагим ТӨЛЕГЕНОВ, жауаптың орнына өз басшылығымен кеңесу үшін уақыт беруін сұрады. Ал, кейін жауаптың тек жазбаша сауал жолданғаннан кейін ғана берілетіндігін қоңырау шалып, мәлім етті. біз сауалнаманы жолдадық.

ЖАБЫҚ АҚПАРАТ

Бұл Теңіз кенішіндегі болған бірініші жайт емес. «Каспий табиғаты» ҮЕҰ басшысы Махамбет ХАКИМОВТІҢ мәліметтері бойынша,1993 жылдан 2000 жылға дейінол жерде 64 адам қайтыс болған, ал, 2000-2011 жылғы статистика мұқият жасырылған (бұл туралы 19 -беттегі М.Хакимовпен болған сұхбаттан толық оқи аласыз).

Соңғы кездері бізге белгілі орын алған жағдай – осы жылдың мамыр айындағы Теңізшевройл жас операторының өлімі болды. ТШО-ның ішкі желілері бойынша таратылған ақпараттық хабарламаға сәйкес, оның жүрегі Гийена-Барре белгілерінің нәтижесінде тоқтаған болып шықты. «Ол сырқат жүз мыңның ішінде бір адамда ғана кездесетін сирек аурудың бірі. Ол жұқпалы емес, демек, онымен бірге жасаған адамдарға ешқандай қауіптілік жоқ», - деп көрсетілген сілтемеде. Әрине, оған да шүкір.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 тамыз 2012, 00:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.