Атырау, 22 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы Басқа жаңалықтар

Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы

Атыраудағы 114 көпқабатты тұрғын үйде 266 жеделсаты болса, олардың 26-сы ауыстыруды қажет етеді. 7 аудандағы ауылдық елді мекендердің 79,2  пайызы орталықтандырылған ауыз су және көгілдір отын желісіне қосылған. Осы және басқа да цифрлар туралы барысында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 21 қараша 2018, 16:29 2 535 рет қаралды
14-маршрутта жолаушылар көп Басқа жаңалықтар

14-маршрутта жолаушылар көп

Атырауда автобус жүргізушілері мен кондукторларының жалақысы көтерілді: жүргізуші жол жүру ережесін бұзбаған жағдайда айына 300 мың теңге табыс таба алады. Журналистер қала маңындағы қалалық автобустардың тұрақ-базасына баспасөз туры барысында осы және басқа да мәселелер туралы хабардар болды. Бейнежазба 19 қараша 2018, 16:09 3 292 рет қаралды
Атырауда жастар саябағының құрылысы басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда жастар саябағының құрылысы басталды

Атырауда Жайықтың оң жақ жағалауында тұрғындардың серуендеуіне арналған жастар саябағының құрылысы басталды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВТЫҢ айтуынша, құрылыстың аяқталуы 2020 жыға жоспарланған. 19 қараша 2018, 16:28 2 736 рет қаралды
Түп-тереңіне дейін бойлап... Басқа жаңалықтар

Түп-тереңіне дейін бойлап...

Атырауда «Атырау облысының шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің суын молайту және олардың гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау «дөңгелек үстел» түрінде өтті. Оған облыстық әкімдіктің, мердігер - «Павлодар өзен порты» АҚ-ның  өкілдері және жергілікті қоғамдық белсенділер қатысты. Мұнда қазіргі кезде Қиғаш өзенінің Ганюшкин (100 км) және Жаркосин (26,7 км) каналдарында және Жайықтың Яицкий каналында (45,471 км) жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстары талқыланды. Бейнежазба 12 қараша 2018, 17:19 3 122 рет қаралды
«Кішкентай елге» арналған үлкен бал Басқа жаңалықтар

«Кішкентай елге» арналған үлкен бал

7 қарашада Атыраудағы «Салтанат сарайында» «Grand ball» қайырымдылық кеші өтті. Би кешінен түскен 2 миллионға жуық қаржы толығымен өңірдегі аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтумен айналысып жүрген «Атырау Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігіне аударылатын болды. Сурет Бейнежазба 9 қараша 2018, 15:59 4 213 рет қаралды
 Сәуле апаның бесік жыры Басқа жаңалықтар

Сәуле апаның бесік жыры

Атыраудағы Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Өнегелі әже» облыстық байқауы өтіп, оған Атырау қаласы мен аудандардан  8 қатысушы қатысты. Бас жүлде мен 500 мың теңге сыйлығын Құрманғазы ауданынан келген 82 жастағы әже Жаннат ҚҰРМАНҒАЛИЕВА жеңіп алды. Сурет Бейнежазба 6 қараша 2018, 11:11 4 583 рет қаралды
«Құрылыс жүргізуге құқы жоқ» Басқа жаңалықтар

«Құрылыс жүргізуге құқы жоқ»

Атырау қаласындағы Канцев көшесіндегі №3 үй тұрғындары аулаға жиналып, ескі балалар ойын алаңының орнына белгісіз біреудің бизнес үшін 3 қабатты ғимарат салғалы жатқанына қарсылық білдірді. Олардың құрылыс нысаны иесімен болған қызу талқылауларын «АЖ» тілшісі көріп қайтты.  Сурет Бейнежазба 31 қазан 2018, 09:49 2 968 рет қаралды
"Жас отау" бағдарламасы тоқтатылады Басқа жаңалықтар

"Жас отау" бағдарламасы тоқтатылады

Атырауда 29 жасқа дейінгі жастарды қолжетімді баспанамен қамтуға арналған «Жас Отау» бағдарламасы келесі жылдан бастап тоқтатылады. Басты себеп – пәтер алған жастардың 40 пайызы әлі күнге ипотекалық қарыз жарналарын төлемеген.      30 қазан 2018, 15:21 3 845 рет қаралды
Қытайлық қазақтар топ жарды Басқа жаңалықтар

Қытайлық қазақтар топ жарды

13 қазанда Атырауда жеңіл атлетика маусымының жабылуына байланысты «Yellow Race» кросы ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 түрлі санатқа бөлінді: 8-11 жас аралығындағы балалар үшін 500  метр, 12-15 жастағылар үшін 700, ал ересектер үшін Сұлтан Бейбарыс алаңынан басталып Жеңіс саябағына дейінгі 4,5 шақырым қашықтыққа созылды. Сурет Бейнежазба 15 қазан 2018, 15:35 2 577 рет қаралды
Жылтыр көше артындағы жыртық үй Басқа жаңалықтар

Жылтыр көше артындағы жыртық үй

Атырау, әрине, жыл сайын гүлденуде, бірақ орталық көшелердегі жылтыр үйлердің артында әбден тозығы жеткен ескі тамдар көп. Ал 2014 жылы облыстық мәслихат депутаттары 2014-2020 жылдарға арналған Атырау қаласындағы жатақханаларды, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу  бағдарламасын бекіткен еді. Тізім жасалды. Бірақ жоспар бір басқа, ақиқат бір басқа: бағдарламаға жеткілікті деңгейде қаржылай қолдау көрсетілмегенге ұқсайды. Сурет Бейнежазба 13 қазан 2018, 20:47 4 559 рет қаралды
Атырауда жолақыны электрондық жүйемен екі есе арзан төлеуге болады Басқа жаңалықтар

Атырауда жолақыны электрондық жүйемен екі есе арзан төлеуге болады

Атырауда қалалық қоғамдық көлік желісіне қосылған 20 жаңа автобустың таныстырылымы өтті. Барлығы да №14 маршрутта жүреді және  электрондық төлем жүйесімен қамтамасыз етілген. Сурет Бейнежазба 8 қазан 2018, 12:00 3 734 рет қаралды
Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты Басқа жаңалықтар

Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты

Атырауда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ және батыстағы төрт облыстың медицина қызметкерлері мен шенеуніктерінің  қатысуымен «Медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру» атты екікүндік аймақаралық конференция өтті. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі дамып жатыр, алайда проблемалар да жоқ емес. Олардың бастысы – біліктіліктің төмендігі және дәрігерлердің тапшылығы (дегенмен, ол кадрлар тапшылығын жасанды деп есептейді). Пациенттерге дөрекі қарым-қатынас жасауға байланысты көп шағымдар бар. «Біз мұның бәрін талдап, жүйелік шаралар алуға тиіспіз», - деп мәлімдеді Біртанов. 8 қазан 2018, 12:11 3 312 рет қаралды
Атырауда «жедел жәрдем» көлігі мен кроссовер соғысып, фельдшер көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырауда «жедел жәрдем» көлігі мен кроссовер соғысып, фельдшер көз жұмды

Бүгін, 4 қазанда Атырауда Құрманғазы мен Әлиев көшелерінің қиылысында Ford кроссовері мен «жедел жәрдем» көлігі соқтығысты. ЖКО нәтижесінде сол жерде «жедел жәрдемнің» 30 жастағы фельдшері көз жұмды. Бейнежазба 4 қазан 2018, 16:11 5 555 рет қаралды
Сатушы құтылып, тасымалдаушы тұтылады Басқа жаңалықтар

Сатушы құтылып, тасымалдаушы тұтылады

Атырау облысында мұнай өнімінің заңсыз айналымынан мемлекетке құны 52 млн теңге залал келді. Бұл туралы облыс прокуратурасында өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. 2017 жылы Атырау облысында 42,3 млн тонна мұнай өндірілді, бұл республикадағы өндірілген барлық «қара алтынның» 49,2%-ы. Алайда, байлықтың барлығы бірдей ел қазынасына түспейтін сияқты.   3 қазан 2018, 10:46 2 599 рет қаралды
Махаббат, қызық мол жылдар... Басқа жаңалықтар

Махаббат, қызық мол жылдар...

Жуырда ұлттық арна арқылы көпшілікке жол тартқан «Жаным менің» телехикаясы көрерменнің көзайымына айналып, әлеуметтік желілерде кең талқылауға ие болды. Сериалға өткен ғасырдың 80-жылдарындағы ҚазГУ-дің журналистика факультеті студенттерінің түрлі оқиғаларға толы студенттік кездері, махаббатқа толы жастық шақтары, шынайы өмірі негіз болған. Прототиптерінің бірі - фильмде әндері орындалған, жерлесіміз, бард ақын Табылды ДОСЫМОВ. Жақында Атырауға фильм сценариінің авторы Арман СҚАБЫЛҰЛЫ келіп, «АЖ» тілшісі әңгімелесті.  Сурет Бейнежазба 3 қазан 2018, 11:30 12 153 рет қаралды
Қашағанның қысымы Басқа жаңалықтар

Қашағанның қысымы

NCOC N.V. компаниясы Қашаған кен орнын Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасының №2 толықтыруының алдын ала қоршаған ортаға әсерін бағалауы (ҚОАБ) бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Осы секілді міндетті іс-шаралардағы таныс көрініс: қызу талқылау жасалып, ұйымдастырушылар жергілікті экология белсенділері тарапынан, академик Мұфтах ДИАРОВ пен «Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының директоры Галина ЧЕРНОВАДАН наразы сұрақтар мен ескертулер алды.  Сурет 1 қазан 2018, 12:16 3 437 рет қаралды
Атырау бизнесмендері басқа есікті қағып жүр ме? Басқа жаңалықтар

Атырау бизнесмендері басқа есікті қағып жүр ме?

Атырауда қала әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ жергілікті кәсіпкерлермен кездесуі өтті. Биліктің бизнеспен мұндай қатынас форматы да, айтылатын проблемалар да: жер мәселесі, монополистермен қарым-қатынас,  төрешілдік кедергілер... дәстүрге айналған. Мэр «уақыт жоғалтпас үшін» бірден сұрақтардан бастауды ұсынды. Бейнежазба 1 қазан 2018, 14:40 3 360 рет қаралды
Жағалауда арнайы жасақ жүгірді, бұл трагедия еді Басқа жаңалықтар

Жағалауда арнайы жасақ жүгірді, бұл трагедия еді

26 қыркүйекте Атырауда Жайық өзенінің «Ретро парк» тұсындағы жағалауында М. Өтемісұлы атындағы академиялық драма театры ашық аспан астында көне грек драматургы Еврипидтің «Медея» трагедиясын қойды. Кешке қарай күннің салқындығы мен желге қарамастан көрермендер көп жиналып, қойылымды ықыласпен тамашалады. Сурет Бейнежазба 29 қыркүйек 2018, 21:20 3 336 рет қаралды
Әлди, әлди, ақ бөпем Басқа жаңалықтар

Әлди, әлди, ақ бөпем

21 қыркүйекте Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында бесік жырын орындаушы әжелер байқауы болып, оған Атырау мен ауылдық округтерден 14 әже қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар отбасы, шыққан тегі туралы таныстырса, келесі кезеңде алдын ала суырған билетте түскен тақырыптар бойынша қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан көрініс көрсетті. Негізгі бөлімде әжелер бесік жырын орындады. Сурет Бейнежазба 26 қыркүйек 2018, 16:18 7 297 рет қаралды
Жоғалған аңшы төрт күннен соң табылды Басқа жаңалықтар

Жоғалған аңшы төрт күннен соң табылды

20 қыркүйекте Атыраудың 52 жастағы тұрғыны жалғыз аң аулауға шығып, үш күн бойы отбасымен байланысқа шықпаған. Уайымдаған аңшы жолдасы «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағына» хабарласты. 26 қыркүйек 2018, 16:25 5 173 рет қаралды
 Армениядан әкелінген көліктер: заты бар да, аты жоқ Басқа жаңалықтар

Армениядан әкелінген көліктер: заты бар да, аты жоқ

Бейресми деректерге сүйенсек, биыл Армениядан шамамен 3 мыңға жуық көлік Атырауға жеткізілген. Атырау облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, армяндық автокөлік иелерінің бірде-біреуі тіркелуге келмеген. «АЖ» тілшісі осы ахуалдың себептерін тексерген еді. 25 қыркүйек 2018, 09:45 8 932 рет қаралды
Жеделсатылар қауіпсіз бе? Басқа жаңалықтар

Жеделсатылар қауіпсіз бе?

16 қыркүйекте Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің үшінші қабатынан лифт құлап, ішінде болған әйел мен бала жарақат алды. Биылғы мамырда осы ықшам ауданда №19 үйдегі жұмыс істемейтін жүк лифтісінің шахтасында екі жасөспірімнің мерт болғаны көпшіліктің есінде шығар. Ал одан бұрын 2013 жылы сол Алмагүлдегі №23 үйде тұрып қалған лифтіден шығуға әрекеттенген 24 жастағы қыз көз жұмды. «АЖ» тілшісі осы кабинамен көтеріліп-түсу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тұрғын үй массивіне барған еді. Сурет Бейнежазба 24 қыркүйек 2018, 12:42 2 935 рет қаралды
Түймелі жолсерік Басқа жаңалықтар

Түймелі жолсерік

15 қыркүйектен бастап мұнайлы астанада №5 және 14 маршруттардың 2 автобусында жақында қала билігі таныстырған электрондық билеттендіру жүйесі іске қосылды. «АЖ» тілшілері жүйенің қалай жұмыс істейтінін бақылап қайтты. Сурет Бейнежазба 20 қыркүйек 2018, 18:15 2 738 рет қаралды
"Ерекшелер" тұрағы Басқа жаңалықтар

"Ерекшелер" тұрағы

Пушкин көшесінің бойындағы Атырау қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратының алдындағы алаңда «Нұр Отан» партиясының көліктерінен басқа» деген тыйым салу белгісі орнатылған. Бұл басқа жүргізушілердің құқықтарына шектеу қою емес пе? Бұл туралы облыстық ІІД-ге комментарий алу үшін жүгінген едік. 19 қыркүйек 2018, 13:47 3 154 рет қаралды
Қыстан қалай шығамыз? Басқа жаңалықтар

Қыстан қалай шығамыз?

17 қыркүйекте мұнай астанасының Балықшы ықшамауданы А.Байжігітов көшесінің бойындағы 8 пәтерлік №76 үйдің тұрғындары қысқа дайындық жөніндегі қалалық штаб отырысына келіп, өздері үшін жаңа баспана талап етті. Бейнежазба 18 қыркүйек 2018, 14:53 2 090 рет қаралды
Субсидияның түрі азайып, көлемі артпақ Басқа жаңалықтар

Субсидияның түрі азайып, көлемі артпақ

Бүгінгі мал шаруашылығына салынып жатқан мемлекеттік субсидиялар өте тиімді емес. Осы бағытта министрлік «2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» дайындады.  Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман ЕВНИЕВ Атырауда өткен семинарда айтылды.   20 тамыз 2018, 09:45 1 574 рет қаралды
Өмірің өз қолыңда Басқа жаңалықтар

Өмірің өз қолыңда

Жас болса да, еті тірі Лиза САФРОНОВАДАЙ қызбен әңгімелескенде бұл өмірде барлығы өз қолыңда екенін ұғасың. Осы қазақша еркін сөйлейтін балалар үйінің тәрбиеленушісі туралы біздің жарияланымдарымызда бірнеше рет шыққан еді. Интернат қабырғасында түрлі олимпиадалардың жүлдегері болған ол қазір Астрахан мемлекеттік университетінде журналистика факультетінде оқиды. «АЖ» тілшісі Лизамен Атырауда каникул кезінде әңгімелесті.   Бейнежазба 20 тамыз 2018, 12:37 4 454 рет қаралды
«Енді ешқашан отырмаймын» Басқа жаңалықтар

«Енді ешқашан отырмаймын»

Сотталғандардың түрмеден шыққаннан кейінгі туындайтын мәселелері мен оларға үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау көмектер туралы Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) өткен жиында айтылды. Басқосуға кезінде есірткі заттар сатумен айналысқаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған 45 жастағы Тәжікстан азаматының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы себеп болды. Сурет 7 тамыз 2018, 10:49 3 699 рет қаралды
«Жастар 15 жаста жүкті болып жатса, қалайша СПИД туралы айтпаймыз» Басқа жаңалықтар

«Жастар 15 жаста жүкті болып жатса, қалайша СПИД туралы айтпаймыз»

Атырауға АИТВ вирусын таратқандардың жартысы - Өзбекстан елінің азаматтары. Алайда Қазақстанға жұмыс жасауға келген шетел азаматтарына АИТВ-ға қарсы анализ тапсыруды міндеттейтін заң жоқ. Бұл ақпарат «21-ғасыр обасына» арналған отырыста айтылды. 7 тамыз 2018, 14:43 2 837 рет қаралды
Бала күтушілер мен шенеуніктер жетіспейді Басқа жаңалықтар

Бала күтушілер мен шенеуніктер жетіспейді

Жыл басынан бері Атырауда еңбек биржасына жүгінген 4600-ге жуық адамның 1370-і тұрақты жұмысқа орналасқан, сондай-ақ 1373 неке тіркеліп, 521 жұп ажырасқан. Бұл туралы брифингте қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы ҚАБИЕВА мәлімдеді. 2 тамыз 2018, 00:00 3 367 рет қаралды
Кешіккен гүлдер Басқа жаңалықтар

Кешіккен гүлдер

Шілденің шіліңгір ыстығында мұнайлы астанада  шырайгүл, бегония, фиалка және тағы да басқа гүлдер отырғызыла бастады. Осылайша биыл 12 мың шаршы метр аумақты гүлдендіруге жергілікті бюджеттен 144,5 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыстарды тендерді ұтқан «Қазақ соқырлар қоғамының Ақмола оқу-өндірістік кәсіпорыны» ЖШС жүргізеді. Алайда көптеген тұрғындар гүлді көктемде отырғызу керек еді, қазір кеш деп есептейді. Сурет Бейнежазба 2 тамыз 2018, 17:49 6 561 рет қаралды
Жағалаудан сән кетті Басқа жаңалықтар

Жағалаудан сән кетті

Атырау қаласында Жайық өзені жағасындағы Мұнайшы ықшамауданы (Огородный көшесі) №6 және 7 көше тұрғындары «АЖ» редакциясына хабарласып, көшелерінде жол жоқтығы және бұдан 6 жыл бұрын аббаттандырылған жағалаудың күннен күнге орындықтары мен қоқыс жәшіктері ұрланып, шамдары түгелдей сындырылғаны туралы айтты. Өзен жағасындағы талдар қамыспен бірге өртеніп кеткен екен. Сурет 31 шілде 2018, 10:03 2 363 рет қаралды