6 қазанда Атырауда таңертеңнен бастап Қала күніне арналған іс-шаралар өтті. Атаулы шара екі мыңға жуық адам қатысқан велошерумен басталды.
Велосипедшілер өз шерулерін Сұлтан Бейбарыс алаңында аяқтады. Айтпақшы, бұл жерде қолданбалы-қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, түрлі жергілікті шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт болды. Тамаша қойылым болды, әсіресе, жәрмеңке көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды: мұнда түрлі картиналар, ағаштан жасалған бұйымдар, жергілікті мектеп пен колледждер оқушылары жасаған гүл композициялары, әдемі кестелер қойылды. Арамызда қаншама талантты адамдар жүргеніне қатты таң қалдым...
Кейіннен алаңда велошерушілер жеңімпаздарын марапаттау болды. Қалалықтарды Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік ШАПКЕНОВ пен Атырау әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ қала күнімен құттықтады.
Мереке кешке қазақ және ресейлік эстрада жұлдыздарының концертімен, әрине, дәстүрлі отшашумен аяқталды.
Анастасия АЛЮШИНА
Суреттерді түсірген автор және Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ