20 қыркүйекте Атыраудың 52 жастағы тұрғыны жалғыз аң аулауға шығып, үш күн бойы отбасымен байланысқа шықпаған. Уайымдаған аңшы жолдасы «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағына» хабарласты.
4 құтқарушы ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігімен Каспий теңізінің оң жақ жағалауына іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Олармен бірге Абрек атты құтқарушы ит те бар еді, соның арқасында аңшыны 24 қыркүйекте Исатай ауданының Мартыши деген жерінен тауып алды.
Кейін анықталғандай, аңшының УАЗ автокөлігі балшыққа батып, бұл жерде байланыс болмағандықтан, ешкіммен хабарласа алмаған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ