Атырау, 25 қараша 18:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әлди, әлди, ақ бөпем

Сурет Бейнежазба
6 766 просмотра

21 қыркүйекте Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында бесік жырын орындаушы әжелер байқауы болып, оған Атырау мен ауылдық округтерден 14 әже қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар отбасы, шыққан тегі туралы таныстырса, келесі кезеңде алдын ала суырған билетте түскен тақырыптар бойынша қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан көрініс көрсетті. Негізгі бөлімде әжелер бесік жырын орындады.

Балымша ӘЛЖАНҚЫЗЫ, Кеңөзек ауылдық округінен қатысушы:

- Өзімнің туған жерім Қарақалпақстан болғанымен,  ата қонысым - Қазақстан. Бала кезімізден бойымызға әжеміз айтатын бесік жырын сіңіріп өстік. Қазір өзімнің немере-жиендерім бар. Шараға ата-бабадан жалғасып келе жатқан дәстүрімізді насихаттап,  кейінгі жас аналарға үлгі қылсам деп қатысып отырмын.

Жарыс қорытындысы бойынша Дамбы ауылдық округінен келген Сәуле ХАЙРОШ бас жүлде – 100 мың теңгені алса, бірінші орын (70 мың) Атырау округінен келген Аққыз САКУПОВАҒА бұйырды. Екінші орынға (50 мың) Балымша Әлжанқызы мен Геолог ауылынан келген Тамара КҮНШЫҒАРОВА, үшінші орынға (30 мың) Зиба БАХИТОВА (Жаңаталап ауылы), Күнсұлу СҰЛТАНҒАЛИЕВА (Еркінқала), Баян РАХМЕТОВА (Атырау ауылы) ие болды.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен видеоны түсірген автор

26 қыркүйек 2018, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.