Атырау, 25 қараша 22:37
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бала күтушілер мен шенеуніктер жетіспейді

3 218 просмотра


Жыл басынан бері Атырауда еңбек биржасына жүгінген 4600-ге жуық адамның 1370-і тұрақты жұмысқа орналасқан, сондай-ақ 1373 неке тіркеліп, 521 жұп ажырасқан. Бұл туралы брифингте қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы ҚАБИЕВА мәлімдеді.

 «АЖ» сұрақтары:

- Бүгінде қандай мамандықтар көп сұранысқа ие?

- Ваканcиялар жұмыспен қамту орталығында үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар еңбек нарығы сайтынан да  қарап танысу болады. Мысалы, балабақшаларда қызметкерлер жетіспей жатыр. Қала әкімдігінде де бірнеше ваканция бос тұр. 

- Көбіне жұмыссыздар жұмыс берушінің жалақысымен келіспейді. Жұмыс берушілердің орташа жалақысы қандай?

- Әр мекемеде әртүрлі. Көбіне қоғамдық жұмысқа тартылғандардың еңбекақысы 40 мың теңге болады.

- Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуына қандай жағдай жасалған?

- Бұл жөнінде Әділет департаментінде тіркелген қала әкімінің арнайы қаулысы бар. Сол қаулыда барлық мекемелерге қол астындағы қызметкерлер саны 50 адамнан асса, 1,5 пайыз, 100 адамнан асса, 2,5 пайыз, 250 адамнан асса, 4 пайызға дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға вакансия бөліп жұмысқа алу міндеттелген. Мұның орындалуын еңбек инспекциясы мен қалалық прокуратура тексеріп отырады.

- Бірінші топтағы мүгедек (зағип) әкесін бағып отырған тұрғын редакцияға хабарласып, әкесіне не үшін әлеуметтік қызметкердің тағайындалмай отырғанын сұрайды. Әкесін бағып, жұмысқа да шыға алмай отыр екен.  

Әлеуметтік қызметкер тек жалғызілікті қарттарға, жалғызілікті мүгедектерге және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына ғана тағайындалады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті түсірген автор

2 тамыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.