Атырау, 19 сәуір 06:39
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Автобусты жаңаша күтеміз

Сурет
4 350 просмотра


Атырау қаласында күрделі жөндеуден өткен М.Баймұханов, И.Тайманов және Владимиров көшелеріне жаңа үлгідегі 23 аялдама орнатылады.



Еуропалық үлгідегі бір аялдаманың жалпы құны 5 млн теңге шамасында. Адам көп шоғырланатын 7 аялдамаға шағын дүкен салынады. М. Баймұханов көшесінің өзіне 8 аялдама орнату көзделсе, оның төртеуі 5 метрлік және төртеуі 10 метрлік аялдама болады. Ал, Владимиров көшесіне 5 метрлік алты павилон және 2 он метрлік аялдама, Таймановқа 1 он метрлік, 6 бес метрлік аялдама жаңадан қойылады.

Айта кетейік, бұрынғы аялдамалардың төбелері мен қаңқалары Атыраудың жаңбыры мен желіне төзбей сынып қалған еді. Жаңа аялдамаларда жергілікті ауа райы ескерілген дейді мамандар.   

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

10 тамыз 2018, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.