Атырау, 25 қараша 18:51
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жағалауда арнайы жасақ жүгірді, бұл трагедия еді

Сурет Бейнежазба
3 169 просмотра



26 қыркүйекте Атырауда Жайық өзенінің «Ретро парк» тұсындағы жағалауында М. Өтемісұлы атындағы академиялық драма театры ашық аспан астында көне грек драматургы Еврипидтің «Медея» трагедиясын қойды. Кешке қарай күннің салқындығы мен желге қарамастан көрермендер көп жиналып, қойылымды ықыласпен тамашалады.

Патша қызы Медеяның аргошылар басшысы Ясонға деген махаббат уақиғасы өте қайғылы, нағыз трагедия жанры: құштарлық сезімімен қанаттанып, қайраттанған өжет әйел алдымен, туғандарын құрбан етуден де тайсалмай, өз ғашығына ауыр сынақтардан өтуге көмектеседі. Алайда жетістікке жеткен Ясон басқа әйел үшін мұны тастап кеткенде, кек алу үшін ортақ балаларын өлтіруден де таймайды.

Режиссер Қуандық ҚАСЫМОВ ескі сюжетті қазіргі шындыққа теліп, керемет тәсіл тапты: оның идеясы бойынша, Ясон соғысқа анау-мынау емес, қазіргі Сирияа кетеді, ал импровизиялық сахнада, дәлірек айтса, өзен жағасында семсер мен қалқан ұстаған көне грек жауынгерлері емес, бетперде киіп, «калашниковтермен» қаруланған арнайы жасақ жүгіріп жүр.

Гүлнұр ҚАЙЫРЛИЕВА: бас рөлді сомдаушы:

- Бұл қойылым біз үшін өте қымбат, біз осы арқылы Керчтегі халықаралық театр фестивалінде лауреат атанып, Македониядағы фестивальде көрерменді тәнті еттік. Жалпы, ашық аспан астындағы қойылым қазір үлкен қызығушылық тудырып отыр, әртістер үшін де соны тәжірибе. Атырауда алғаш рет қойылып отыр, көрермендерге ұнаса, әрі қарай жалғастырамыз.

Ал көрермендер дән риза: - Өте керемет сезім алдық,- дейді олардың біреуі. – Мен театрал адаммын, алайда бұрын ешқашан аспан астында спектакльтамашалаған емеспін. Тағы болса екен дейміз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

29 қыркүйек 2018, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.