Атырау, 25 қараша 18:38
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қыстан қалай шығамыз?

Бейнежазба
1 991 просмотра


17 қыркүйекте мұнай астанасының Балықшы ықшамауданы А.Байжігітов көшесінің бойындағы 8 пәтерлік №76 үйдің тұрғындары қысқа дайындық жөніндегі қалалық штаб отырысына келіп, өздері үшін жаңа баспана талап етті.

- Үйіміз қамыстан салынған, орталық кәріз жүйесі жоқ. Ол ЖЭО-нан берілетін жоғары қысымды ыстық су мен жылуды көтере алмайды. Бізді шұғыл көшіріңіздер!

Штаб төрағасы, Атырау әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ тұрғындардан төзімділік танытып, ескі пәтерлерінде қыстап шығуды өтінді. Ал келер жылы оларды осы ықшамаудандағы көппәтерлі жаңа үйге көшіруге тырысатынын, жобалау жұмыстарының басталғанын айтты.

Тұрғындар 2019 жылы жаңа қонысқа көшетіндіктеріне жазбаша кепіл беруді талап етті. Штаб басшысы қала маңындағы бұрынғы аудан орталығының екі қабатты ескі ғимараттарын бұзу жоспарланып отырғанын, бірақ ешқандай кепілдеме жаза алмайтынын айтты. Сонымен диалог аяқталып, тұрғындар жиналыстан кетіп қалды.


Қатысып отырған «АЖ» тілшілеріне әкім орынбасары былай деп хабарлады:

- Мынадай жағдай болып отыр. Біз Балықшыдағы жылу жүйесін салу жұмыстарын 20 қыркүйекке аяқтауды жоспарладық. Бірақ жер қазу жұмыстары кезінде бригада шырмалып қалған бір шумақ кабельге тап болды. Оның қай мекемеге тиесілі екенін «Атырау Жарық» АҚ білмейді. Олардың бар екені жобада қарастырылмаған. Бір аптадан бері осы жер қолмен қазылып жатыр. Өйткені, электр сымдарының тағы қай жерден шығатынын ешкім білмейді. Олардың қайда апаратынын және бұл сымдардың қуат көзін қайдан алатынын ешкім білмейді. Бірақ олардың бойында кернеу бар. Қала күніне бұл нысанды аяқтаймыз.

Содан кейін екеумізге штаб жиналысынан кетуді өтінді. Қалыптасқан дәстүр бойынша бізде Қала күні қазан айының алғашқы сенбісінде атап өтілетінін, биыл бұл 6 қазанға тура келіп тұрғанын еске салған жөн.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

18 қыркүйек 2018, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.