Атырау, 22 желтоқсан 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Nazarbayev University PhD бағдарламаларына 200 грант ұсынады

86 рет қаралды
Сурет: nu.edu.kz
Сурет: nu.edu.kz

Nazarbayev University 15 жылдық мерейтойы аясында докторантураға қабылдау көлемін айтарлықтай ұлғайтпақ. Университет PhD бағдарламаларына 200 толық грант ұсынып, елдегі ғылыми кадрлар даярлау жүйесін жаңа деңгейге шығаруды көздеп отыр, деп жазады Nege.kz.

Университеттің мәліметінше, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда шамамен екі есе көп көрсеткіш. Қосымша гранттарды қаржыландыру Nazarbayev University-дің өз қаражаты және NU Impact Foundation әлеуметтік даму қоры есебінен жүзеге асырылады.

Университет президенті, профессор Вакар Ахмадтың айтуынша, NU докторантура түлектерін даярлау сапасы арқылы халықаралық академиялық ортада жоғары беделге ие болған.

– Бізде әлемдік деңгейдегі профессорлық-оқытушылар құрамы мен заманауи зерттеу инфрақұрылымы қалыптасқан. Бұл мүмкіндіктер дарынды әрі талапты жастардың ғылыми әлеуетін толық ашуына жол ашады. PhD гранттарының екі есе артуы – Қазақстан мен өңір үшін өзекті ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулерді дамытуға деген берік ұстанымымыздың айғағы, – деді университет басшысы.

Қосымша гранттар докторантураның барлық бағыттарын қамтиды. Әсіресе физика, компьютерлік ғылымдар, инженерия және медицина салаларындағы зерттеулерге басымдық берілмек.

Ал университет өкілі доктор Луис Р. Рохас-Солорсано алдағы стратегиялық жоспарлармен бөлісті.

– Біз NU қабырғасында 1000-нан астам докторант пен кәсіби докторлық бағдарламалар тыңдаушылары білім алғанын қалаймыз. Осы мақсатта алдағы жылдары докторантураға қабылдауды кезең-кезеңімен ұлғайтып, жаңа академиялық құрылым – Докторантура институтын құруды жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Айта кетейік, Nazarbayev University жас университеттердің жаһандық рейтингінде 106-орында тұр. Сонымен қатар Times Higher Education халықаралық рейтингіне сәйкес, оқу орны Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы №1 ғылыми-зерттеу университеті атанып, әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының топ 23 пайызына енген.

Бүгін, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.