Атырау, 25 қараша 18:29
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сатушы құтылып, тасымалдаушы тұтылады

2 454 просмотра


Атырау облысында мұнай өнімінің заңсыз айналымынан мемлекетке құны 52 млн теңге залал келді. Бұл туралы облыс прокуратурасында өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. 2017 жылы Атырау облысында 42,3 млн тонна мұнай өндірілді, бұл республикадағы өндірілген барлық «қара алтынның» 49,2%-ы. Алайда, байлықтың барлығы бірдей ел қазынасына түспейтін сияқты.  

Атырау облысының прокуратурасы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы мұнай және мұнай өнімдерін жымқыру, заңсыз сақтау, тасымалдау және сатумен байланысты 35 қылмыс тіркелген. Ал, жыл басынан бері 14  қылмыс тіркелген. Дегенмен, қылмыстық істерді тергеу барысында ұрланған шикізаттың шыққан жерлері анықталмай,  тек тасымалдаушылар ғана ұсталатыны анықталды.  Прокурорлар құқық қорғау органдарына осыған мән беруді міндеттеді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 қазан 2018, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.