Атырау, 11 желтоқсан 20:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

Сұрамағанға шкаф жоқ

2 262 рет қаралды


Бүгінде Атырауда 13 мектеп 3 ауысыммен оқиды -  бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Фируза ШАНГЕРЕЕВА брифингте мәлімдеді.

- Келесі оқу жылынан бастап барлық мектептерде химия, биология, физика, информатика пәндерін  ағылшын тілінде оқыту енгізілмек. Қазір қала бойынша  пән мұғалімдерінің 200-і курстардан өтті. Биыл ағылшын тілін меңгерген мұғалімдерге қосымша 30 пайыз ақы төленеді, - деді спикер.

АЖ сауалы:

- Мектептерде оқушылардың жеке заттарын қоятын шкафтар жоқ.  Ал, гардеробта зат жоғалу фактілері көп. Бір кездері бұл мәселе көтерілген еді...

- Шкафтар барлық мектептерде болуы керек. Алайда әзірге бізге ешбір мектеп шкаф қажет деп сұраныс берген жоқ. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

7 қараша 2018, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.