Атырау, 25 қараша 14:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Кішкентай елге» арналған үлкен бал

Сурет Бейнежазба
4 068 просмотра


7 қарашада Атыраудағы «Салтанат сарайында» «Grand ball» қайырымдылық кеші өтті. Би кешінен түскен 2 миллионға жуық қаржы толығымен өңірдегі аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтумен айналысып жүрген «Атырау. Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігіне аударылатын болды.

Жобаның авторы Алпамыс ШАРИПОВТЫҢ айтуынша, гранд бал Қазақстанда жетінші мәрте өтуде. Ал Атырауда алғаш рет.

- Әр кештің өзінің ерекше символдары болады. Мысалы бүгінгі шараның басты символы ретінде ағайынды Ерлан, Ерболат ҚАЗИЕВТЕР таңдап алынды. Ерлан Атыраудан Құлсары қаласына барар жолда көлік апатына ұшырап, өзі екі аяғынан айырылады. Осындай қиын күндерде оған немере ағасы Ерболат қолдау көрсетіп, жаттығуларына апарып, оны паралимпиада ойындарының қатысушысына дейін жеткізген,- дейді Алпамыс.   

Ерболат балға қатысса, Ерлан да мүгедек арбасымен вальс билеп, өз өнерін сол сұмдық көлік апатында қайтқан марқұм анасына арнайтынын айтты.  

Роллан ҚҰСПАНОВ, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Біз бұл шараға өнер жұлдыздары мен танымал тұлғаларды тарттық. Олар мұнда өз қаржыларымен келді. 

Түскен қаржы қандай мақсатқа жұмсалады?- деген сауалды «Атырау Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВКЕ қойдық:

- Жақында жастар хабарласып осы қайырымдылық шарадан түскен қаржы сізге аударылады дегенде қатты қуандым. Бұл балалар үшін де үлкен қуаныш. Қазір Атырау қаласының сыртынан әлем бойынша үшінші қалашық салып жатырмыз. Мұндай айрықша қалашықтар Ұлыбританияда, Ресейде бар, енді Атырауда да болады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

9 қараша 2018, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.