Атырауда автобус жүргізушілері мен кондукторларының жалақысы көтерілді: жүргізуші жол жүру ережесін бұзбаған жағдайда айына 300 мың теңге табыс таба алады. Журналистер қала маңындағы қалалық автобустардың тұрақ-базасына баспасөз туры барысында осы және басқа да мәселелер туралы хабардар болды.
Атырауда жақында жаңа тасымалдаушы– «Атырау Автопарк» ЖШС пайда болды, ол жаңадан сатып алынған автобустарға жауапты. Қазір олардың 28 жүргізушісі мен 20 кондукторы бар.
Автотұрақта 10 жаңа автобус тұр. «Атырау Автопарк» ЖШС бас инженері Ниязбек МҰҚАШЕВТЫҢ айтуынша, алдағы күндері олар №2 бағыт бойынша іске қосылады, бұл бағыттың ескі автобустары басқа бағыттарға бөлінеді. Жыл соңына дейін тағы 35 жаңа автобус келеді.
- Неліктен жаңа автобустардың барлығы дерлік №14 бағытқа берілген?
- №14 бағыт адам көп жүретін бағыт, мұнда тәулігіне 25 мыңға жететін жолаушылар ағымы бар, - деп жауап берді «Смарт Атырау» КМК директоры Әділбек ТАНКИЕВ. - Бірақ сатып алынатын автобустар №2, 4, 12 бағыттарға да таратылатын болады.
Мұнайлы астананың қоғамдық көлігінің қалыпты жұмысы үшін 400 автобус қажет, ал қазір тек 200 бірлік. Міне, сондықтан көптеген қалалықтар автобустарды көп күтіп, 100 теңгеден жиналып, таксилерге мінеді. Алайда таксишілердің көбі бұл бағаға келісе бермейді.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ