
Атырауда «TOPPLAY» отбасылық ойын-сауық орталығында халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті.
Мерекелік іс-шараға 180 оқушы қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Басты мақсат — отбасылық құндылықтарды нығайту, достық атмосфера құру және әр баланың ерекшелігіне қарамастан тең мүмкіндіктерге баса назар аудару.
Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, Атырау қаласында 78 мың оқушы болса, олардың 400-ге жуығы үй жағдайында білім алады. Сонымен қатар қаламыздағы 20 мектепте инклюзивті сыныптар жасақталған. Олардың әрқайсысында 8 оқушыдан оқиды. Бұл шараға осы арнайы санаттағы оқушыларды көбірек қамтуға жұмыстанып, қалалық білім беру басқармасының жаңа жылдық іс-шаралар жоспарына енгізілді. Жоспар бойынша алда Атырау қаласы әкімінің шыршасы өтеді.
Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар ертегі кейіпкерлерімен бірге би мен театрландырылған қойылымға қатысты. Кеш соңында балаларға сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, аталған іс-шара «TOPPLAY» отбасылық ойын-сауық паркі орталығы басшылығының демеушілігімен ұйымдастырылды.
В Атырау 0 








