Атырау, 25 қараша 14:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы

2 445 просмотра


Атыраудағы 114 көпқабатты тұрғын үйде 266 жедел саты болса, олардың 26-сы ауыстыруды қажет етеді. 7 аудандағы елді мекендердің 79,2  пайызы орталықтандырылған ауыз су және көгілдір отын желісіне қосылған. Осы және басқа да цифрлар туралы барысында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді.

- Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігінде құрылысы басталған кәріз-тазарту имаратының жалпы құны 10 миллиард теңгеге жуық. Кәзірді тазарту имаратының қуаты тәулігіне 70 мың текше метр болады, алайда әзірге қаржылық қиындықтар болып тұр, - деді Иғалиев. – Ал оң жағалаудағы кәріз-тазарту имаратын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек, қазір «КұрылысЭкспертПроект» ЖШС жоба-сметалық құжаттарын дайындап жатыр. Жобаланған кәріздік-тазарту имаратының қуаты тәулігіне 31 мың текше метр, алдағы уақытта 60 мың  текше метрге дейін кеңейтуді қарастыру мүмкіндігі бар.

Облыс көлеміндегі 160 ауылдық елді мекеннің 97,5 пайызы электрлендірілген. «Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы» (ЭЧ-4) мекемесіне қарасты облыстағы  барлық электр желілерін ауыстыру қолға алынып, ол үшін 11 елді мекенде, атап айтсақ, Атырау және Құлсары қалалары, Қызылқоға ауданының Жамансор, Жантерек, Мұқыр, Кенбай ауылдары, Исатай ауданының Аққыстау, Томан ауылдары, Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылы, Мақат ауданының Мақат, Доссор кенттері үшін ЖСҚ әзірленуде.

Ресей еліне электр қуаты бойынша тәуелділіктен арылу үшін Құрманғазы елді мекенінен кернеуі 110 кВ, ұзындығы 205 шақырымды құрайтын «Құрманғазы-Асан» әуе желісін жүргізу бойынша ЖСҚ жасылып жатыр. Сонымен қатар Исатай ауданында құрылысы жүріп жатқан қуаты 53 мВт құрайтын жел электр станциясын 2019 жылы іске қосу жоспарланған, қазір 36 қондырғысы түгел қондырылып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 қараша 2018, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.