Атырау, 25 қараша 17:50
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайлық қазақтар топ жарды

Сурет Бейнежазба
2 473 просмотра


13 қазанда Атырауда жеңіл атлетика маусымының жабылуына байланысты «Yellow Race» кросы ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 түрлі санатқа бөлінді: 8-11 жас аралығындағы балалар үшін 500 метр, 12-15 жастағылар үшін 700, ал ересектер үшін Сұлтан Бейбарыс алаңынан басталып Жеңіс саябағына дейінгі 4,5 шақырым қашықтыққа созылды.

- Балалар арасындағы марафон Атырауда алғаш рет өткізілуде. Егер атыраулықтардан ұсыныс болса келесі жылы екі ай сайын өткізгіміз келеді, - дейді «Atyrau Marathon» ұйымдастыру комитетінің тете-президенті Юрий ПОНОМАРЕВ.

Жарыс қорытындысында алғашқы бес орынды Әсет ҚЫРАН бастаған Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ-де оқып жатқан Қытайдан келген 5 қазақ студенті алса, қыздар арасында осы оқу орнының 4 курс студенті Айдана ЖЕТКІНШЕКОВА жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз Әсет Қыран: - Біз 2016 жылы ҚХР Іле аймағынан келгенбіз. Содан бері Атырауда ұйымдастырылған марафондардың барлығына қатысып келеміз. Өзім жеңіл атлетикамен бала кезімнен айналысамын. Қытайда жеңіл атлетика жақсы дамыған. Айына 2-3 рет кросстар ұйымдастырылады. Кемінде 11 шақырымға жүгіріп тұрамыз.

Сонымен қатар, 10 айлық егіз баласымен бірге 4,5 шақырым қашықтықты жүгіріп аяқтаған Марияш АЙБАСОВАҒА ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлық табыс етілді.  


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет және бейнежазбаны түсірген автор 

15 қазан 2018, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.