Атырау, 25 қараша 18:33
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Ерекшелер" тұрағы

2 997 просмотра

Пушкин көшесінің бойындағы Атырау қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратының алдындағы алаңда «Нұр Отан» партиясының көліктерінен басқа» деген тыйым салу белгісі орнатылған. Бұл басқа жүргізушілердің құқықтарына шектеу қою емес пе? Бұл туралы облыстық ІІД-ге комментарий алу үшін жүгінген едік.

- Заңда мұндай жазбалары бар белгілер туралы ештеңе айтылмаған. Егер басқа жүргізушілер осы белгінің түбіне көліктерін қоятын болса, оларға ешқандай айыппұл салынбайды. Өйткені «жеке» белгілер заңда қарастырылмаған.

Сонда партияның көлік қою белгісі жеке үйдің қақпаларындағы «Абай болыңыз! Қабаған ит» деген ескерту маңдайшасы секілді заңды күшке ие болғаны ғой.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

19 қыркүйек 2018, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.