Атырау, 19 тамыз 20:01
 дождьВ Атырау +35.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Субсидияның түрі азайып, көлемі артпақ

1 800 рет қаралды

Арман ЕВНИЕВ

Бүгінгі мал шаруашылығына салынып жатқан мемлекеттік субсидиялар өте тиімді емес. Осы бағытта министрлік «2018-2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» дайындады.  Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман ЕВНИЕВ Атырауда өткен семинарда айтты.  

- Соңғы жылдары осы салада жасалған жобалар табысты болған жоқ.  Бұрын мемлекет тарапынан 58 түрлі субсидия беріліп отырса, алдағы уақытта олардың түрлері азайып, көлемін артпақ, - деді Евниев. – Осының арқасында жайылым жерлер көбейіп, малдың тұқымы асылдандырылады. Сонымен қатар,   құс, шошқа және бау бақша салаларына қосымша салалық бағдарламалар жасалады.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

20 тамыз 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.