Атырау, 22 желтоқсан 19:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Индонезиямен еркін сауда келісімі жасалды

92 рет қаралды

2025 жылдың 21 желтоқсанында Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Индонезия Республикасы арасында Еркін сауда туралы келісімге қол қойылды.

  • Келісім тауарлардың 90%-дан астамына бажсыз сауда режимін енгізуді көздейді.
  • Жекелеген тауарлар үшін 3 жылдан 15 жылға дейінгі өтпелі кезең қарастырылған.
  • Нәтижесінде ЕАЭО елдерінің экспорттаушылары үшін Индонезиядағы орташа импорттық баж мөлшерлемесі 10,2%-дан 2%-ға дейін төмендейді.

Бұл қадам қазақстандық ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің Индонезия нарығына шығуына қолайлы жағдай жасайды.

Келісімде сондай-ақ сауданы қорғау шаралары, кедендік ынтымақтастық, техникалық және санитариялық талаптар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, электрондық сауда және экономикалық ынтымақтастық мәселелері қамтылған.

Анықтама:

  • 2024 жылы Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы – 300,5 млн АҚШ доллары (+4,9%).
  • Қазақстаннан экспорт – 120,8 млн АҚШ доллары (+26,8%).
  • Индонезиядан импорт – 179,8 млн АҚШ доллары (–6%).
Бүгін, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.