Атырауда Жайықтың оң жақ жағалауында тұрғындардың серуендеуіне арналған жастар саябағының құрылысы басталды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВТЫҢ айтуынша, құрылыстың аяқталуы 2020 жыға жоспарланған.
Жыл басында осы мақсатта Атырау мемлекеттік университеті тұсындағы жағалаудан ауданы 6,5 гектар жер учаскесі бөлінген болатын. Мұнда балалар ойын алаңдары, түрлі аттракциондар, бастысы – 55 метрлік шолу дөңгелегі салынады. Жобаны «КАЕС строй ко» мердігер компаниясы жүзеге асырады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор