Атырау, 22 желтоқсан 08:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

Олар құрылыс пен егіс алқаптарында көп Басқа жаңалықтар

Олар құрылыс пен егіс алқаптарында көп

«Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР-да болу ережелерін бұзған 500-ден астам шетелдік азаматты анықтады. Олардың 14-і сот шешімімен елден шығарылды. 29 шілде 2019, 16:29 2 455 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: «АСА» неге хлор алуды көбейтті? Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: «АСА» неге хлор алуды көбейтті?

№2 қалалық сотында Жайықта балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша кезекті отырыс өтті. Куәгерлерден жауап алу жалғастырылды - бұл жолы «Атырау Су Арнасы» КМК және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерінен (атауын төртінші немесе бесінші рет өзгергеннен кейінгі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қазір осылай аталады) жауап алынды.  Сурет 23 шілде 2019, 10:52 3 951 рет қаралды
Жарты ғасырлық үйлердегі қоныстой Басқа жаңалықтар

Жарты ғасырлық үйлердегі қоныстой

Махамбет ауданы бойынша 853 адам баспана кезегінде тұрса, оның 353-і халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар, 150-і көп балалы отбасылар, 37-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 294-і бюджеттік қызметкерлер, ал 19-ы үйлері апатты деп танылғандар. Жергілікті билік осы мәселені шешу үшін жаңа үйлер салумен бірге бюджет қаржысына бұрын пайдаланылған, ескі үйлерді сатып алып, тұрғындарға кейін сатып алу құқығымен жалға беруді қолға алған. Сурет 16 шілде 2019, 09:48 4 663 рет қаралды
«Жаңа» паспорт та көмектеспеді Басқа жаңалықтар

«Жаңа» паспорт та көмектеспеді

2018 жылы Атырау облысында 56 мың 864 шетелдік тіркелген, оның 7 мыңнан астамы алыс шетелдерден, қалғандары ТМД елдерінен келген. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Болат ДОСҚАЛИЕВ хабарлады. 16 шілде 2019, 10:39 2 710 рет қаралды
Қытайлық құрылысшы айыппұлмен құтылды Басқа жаңалықтар

Қытайлық құрылысшы айыппұлмен құтылды

Маусым айының соңында әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында тас жол салып жатқан «Howo» ауыр жүк көлігі мен жүк тиегіш көрсетілген бейнежазба тарады. «Жүк көлігінде де, тиегіш машинада да қытайлықтар, ал жергілікті халық жұмыссыз отыр» деген кадр сыртында дауыс естіледі. Қазіргі интернеттің күштілігі сол бұл ролик сот шешімін қабылдауға себеп болды. Бұған дәл сол уақытта Теңіздегі қазақстандық жұмысшылар мен шетелдіктер арасындағы қақтығыстың да әсері болғанын жоққа шығаруға болмайтын шығар. Бейнежазба 15 шілде 2019, 17:42 5 146 рет қаралды
Теңіз жаңғырығы: белгісіз біреулер желіге тағы да жалған сурет таратқан Басқа жаңалықтар

Теңіз жаңғырығы: белгісіз біреулер желіге тағы да жалған сурет таратқан

Жұмысының рұқсат құжатын жоғалтып алған Жанар АБЛАЕВА мұның әлеуметтік желілерде сұмдық жағдайға ұласатынын білмеген еді.  Енді ол прокуратураның, полицияның және соттың көмегімен өзі туралы жалған өсек-аяң таратып жіберген интернет пайдаланушыларды жауапқа тартуға әзір. Сурет 12 шілде 2019, 12:06 8 965 рет қаралды
«Арайдан» шырай кетті Басқа жаңалықтар

«Арайдан» шырай кетті

Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында 40 жыл бұрын салынған 120 орындық «Арай» жазғы лагері өткен жылдан бері жабық тұр. Бұрын «Ембімұнайгаз» АҚ-тың балансында болған аудан балаларына арналған демалыс орны 2003 жылы қасындағы алма бағымен бірге ауылдағы Қ. Қалыбеков атындағы мектепке беріледі. Алайда мектеп барынша күш салғанымен, лагерьді күтіп ұстау оңайға соқпады. Сурет Бейнежазба 10 шілде 2019, 11:00 5 203 рет қаралды
Қырылған балықтарға қатысты сот ісі: айыпталушылар кінәларын еш мойындамады Басқа жаңалықтар

Қырылған балықтарға қатысты сот ісі: айыпталушылар кінәларын еш мойындамады

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша негізгі сот отырысы басталды. Айыпталушылар орындығында – «АСА» КМК бұрынғы директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ, оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту станциясының бастығы Михаил ЧУРСИН. Олар әйнек қоршаудың ішінде емес, адвокаттардың жанында отырды (оларға тергеу және сот отырысы кезінде басқа жаққа шықпау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған). Сурет Бейнежазба 8 шілде 2019, 14:55 4 108 рет қаралды
Әкімнің орнына тілші келді Басқа жаңалықтар

Әкімнің орнына тілші келді

Ауыл сыртындағы 20 жылға жуық уақыт көмілмей ор,  қоршаусыз қоқыс полигоны және ауыл ішіндегі қоқыс алаңдары...  Мақат ауданы Доссор кентінің жиырмаға тарта тұрғыны 27 маусымда бірнеше жыл шешімін таба алмай жүрген осы мәселелерді талқылауға аудан әкімін қоқыс полигонынан күтті, алайда әкім кездесуге әкімдік залына шақырды. «АЖ» тілшісі келмеген әкімнің орнына тұрғындардың шағымын тыңдады. Сурет Бейнежазба 3 шілде 2019, 10:09 3 932 рет қаралды
«Үздік маман-2019»: ембіліктер арасында шеберлік байқауының 2-кезеңі қорытындыланды Басқа жаңалықтар

«Үздік маман-2019»: ембіліктер арасында шеберлік байқауының 2-кезеңі қорытындыланды

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-не қарасты С.Балғымбаев кен алаңының оқу-жаттығу полигоны аумағында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның  «Үздік маман-2019» сайысының 2-тур іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.  Екі күн бойы Компанияның құрылымдық бөлімшелерінен 70-тен астам ембілік мұнайшы мұнай-газ саласы бойынша мамандықтың 13 түрінен өзара сынға түсті. PR 21 маусым 2019, 10:00 4 728 рет қаралды
Апатты ғимаратқа жалғама неге салған? Басқа жаңалықтар

Апатты ғимаратқа жалғама неге салған?

Екі жыл бұрын Жұмабаев (бұрынғы Ленин) атындағы №1 мектеп ғимараты апатты жағдайына байланысты жабылған еді. Осы жерден жаңа ғимарат салуға жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Алайда балаларымыз кең жаңа мектепте оқиды-ау деген ата-аналардың үміті ақталмаған секілді. Сурет 14 маусым 2019, 15:17 4 603 рет қаралды
Серуендеп жүрген жас отбасы мемлекетке қауіп төндіре ме? Басқа жаңалықтар

Серуендеп жүрген жас отбасы мемлекетке қауіп төндіре ме?

12 маусымда кешкі жетілер шамасында Атыраудағы Авангард ықшамауданында серуендеп жүрген ерлі-зайыпты Венера мен Асылан СҮЙІНОВТЕРДІ полиция ұстап, күштеп көлікпен алып кеткен. Кейін белгілі болғандай бұлар өткен түнде облыстық әкімдік алдындағы алаңда полиция мен әкімдік қызметкерлерімен сөзге келген жастар екен. Сол кезде Асылан мен Венера тәртіп сақшыларына негізсіз тексеру деп құжаттарын көрсетпеген болатын. 14 маусым 2019, 23:51 5 218 рет қаралды
«АЖ» сауалнамалары: «Кино» көруді жалғастырмыз ба әлде елден кеткен жөн бе? Басқа жаңалықтар

«АЖ» сауалнамалары: «Кино» көруді жалғастырмыз ба әлде елден кеткен жөн бе?

Біздің оқырмандарымыз «АЖ» сайтының апта сайынғы сауалнамасының нәтижесі шартты екенін және негізінен осындағы дүниетанымы жоғары оқырманның ұстанымын сипаттайтынын түсінеді. Дегенмен біздің сауалнамаға қатысушылардың саны айтарлықтай көп (орта есеппен 700-800-ге жуық адам) және соңғы жыл ішіндегі (2018 жылдың шілдесінен бастап) сауалнама нәтижелері қатысушыларға ғана қызықты емес деп ойлаймыз. 7 маусым 2019, 11:06 3 287 рет қаралды
Жайық балығын «Атырау Су Арнасының» сұйық хлоры мен шенділердің салғырттығы құртты Басқа жаңалықтар

Жайық балығын «Атырау Су Арнасының» сұйық хлоры мен шенділердің салғырттығы құртты

«АЖ»-ға Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған ІІМ тергеу-жедел тобы жасаған кейбір қорытындылар белгілі болды.  Астаналық тергеушілер «Атырау Су Арнасы» КМК-нің экологиялық апатқа тікелей қатысы барын анықтады. Әңгіме ІІМ-нің әлі қол қойылмаған құжаты туралы болып отыр. Алайда оның айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы екіталай.  6 маусым 2019, 15:39 6 379 рет қаралды
Бостандықта пайдаға асар кәсіп Басқа жаңалықтар

Бостандықта пайдаға асар кәсіп

Қала көшелеріндегі кеспе тастардың қайдан келетінін ойлап көрдіңіз бе? Балаңыз отыратын мектеп партасын кім жасайды? «АЖ» тілшісі халық арасында «66-зона» деп аталатын ерлер түзету колониясында (УГ-157/9 мекемесі) осы сұрақтардың жауабын алған еді. Сурет 31 мамыр 2019, 10:40 5 202 рет қаралды
Атырау перинатальдық орталығында босанған әйел кесарь тілігінен соң көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырау перинатальдық орталығында босанған әйел кесарь тілігінен соң көз жұмды

26 мамырда Атырау облыстық перинатальдық орталығында 24 жастағы әйел қайтыс болды. Орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВ "АЖ"-ға осынау қайғылы оқиғаны растады. Толықтырылды 27 мамыр 2019, 22:37 5 312 рет қаралды
Отбасымен дүңгіршекке бұзып кірген азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды Басқа жаңалықтар

Отбасымен дүңгіршекке бұзып кірген азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 29 наурызда әйелі, бала-шағасымен бірге Toyota Hiace көлігімен көкөніс павильонына соғылған қалалық азаматқа қатысты қаулы шығарды. Сурет 26 мамыр 2019, 16:05 2 850 рет қаралды
Футболка үшін Басқа жаңалықтар

Футболка үшін

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 9 мамыр күні таңертең Атыраудағы Авангард ықшам ауданының соңғы аялдамасында полицейлер прокуратура қызметкерлерімен бірге екі азаматтық белсенді Дарья ОЛЖАҒАЛИЕВА мен Дианара МҰҚАТОВАНЫ ұстады. Олардың үстерінде «Шындық» және «Правда» деген жазулары бар ақ футболка болған еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 21:22 6 849 рет қаралды
«Арнаулы автобаза» экс-директоры мен орынбасары бес жылдан жаза алды Басқа жаңалықтар

«Арнаулы автобаза» экс-директоры мен орынбасары бес жылдан жаза алды

№2 Атырау қалалық сотында «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің бұрынғы директоры Самат ТҰРНИЯЗОВҚА, оның орынбасары Асқар ҚАЛДЫБАЕВҚА, «Sanjar Flowers» ЖШС директоры Ербол ҚУАНЫШ (Тұрниязовтың ұлы) пен Артур СҰЛТАНОВҚА қатысты өткен жылдың қарашасында басталған қылмыстық істі қарау процесі аяқталды. Тұрниязов пен Қалдыбаев орташа қауіпсіздік мекемесінде (жалпы режимдегі колония) 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Қорытынды сот отырысының егжей-тегжейі туралы «АЖ» материалынан оқыңыз. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 12:24 4 662 рет қаралды
Таршылық тартып тұра ма? Басқа жаңалықтар

Таршылық тартып тұра ма?

Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде судьялар мен адвокаттар, пенитенциарлық мекеме қызметкерлері тергелушілер мен сотталушыларға қатысты ахуалды талқылады. Атап айтқанда, шартты түрде сотталған жұмыссыздар үшін 80 мың теңгенің ақша еместігі, олардың көпшілігінің «шартты түрде» бостандықта жүріп, қайталап қылмыс жасап, түрмеге отыратындығы анықталды. Сурет 24 сәуір 2019, 15:39 4 516 рет қаралды
Ә. Қосанов: Билік сайлауды тез өткізуге мүдделі Басқа жаңалықтар

Ә. Қосанов: Билік сайлауды тез өткізуге мүдделі

Бірінші президенттің өз билігін Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА тапсырғаннан кейінгі еліміздегі саяси ахуал, сайлаудың өту мерзімі, билік кандидатына бәсекелесе алатын оппозициялық күштердің ортақ кандидатын ұсыну және тағы басқа мәселелер туралы саясаткер және қоғам қайраткері Әміржан ҚОСАНОВПЕН болған сұхбатта. Алғашқы сұрағым -  президенттік сайлаудың өту мерзімі туралы. 9 сәуір 2019, 13:08 7 692 рет қаралды
Қайыр тілеу үшін баланы «жалға» алған Басқа жаңалықтар

Қайыр тілеу үшін баланы «жалға» алған

8 сәуірде кеште қоқыс жәшігінің жанынан табылған 9 айлық баланың анасын іздеген атыраулық полицейдің үндеуі әлеуметтік желіні шулатқан еді. «АЖ» тілшісі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап көрді.  Бейнежазба 9 сәуір 2019, 21:06 3 554 рет қаралды
Конгрессмен Хантер АҚШ-тың өкілдер палатасында Бергей Рысқалиевті қорғауды ұсынды Басқа жаңалықтар

Конгрессмен Хантер АҚШ-тың өкілдер палатасында Бергей Рысқалиевті қорғауды ұсынды

АҚШ Конгрессінің сайтында осы жылдың 2 сәуірінде өткен өкілдер палатасында республикалық-конгрессмен Дункан Хантердің сөйлеген сөзі туралы хабарлама жарияланған. Ол Атырау облысының бұрынғы әкіміне қатысты сырттай сот шешімін «саяси тұрғыдағы сот қудалауы» деп атады: 6 сәуір 2019, 12:23 6 387 рет қаралды
«“Мүрдехана” емес, “зертхана” деңіздер» Басқа жаңалықтар

«“Мүрдехана” емес, “зертхана” деңіздер»

4 сәуірде Атырау қаласындағы №4 мектепте қалалық әкімдік өкілдері туберкулезге қарсы күрес ауруханасы жанындағы Сарыөзек ықшамауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұның алдында осы ықшамаудан тұрғындарының бір тобы қала әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫНА осы жерде салына бастаған «Сот сараптамасы орталығы» институтының филиалы ғимаратының құрылысын басқа жерге көшіру талабымен жүгінген еді. Сурет 5 сәуір 2019, 16:53 3 148 рет қаралды
Браконьерлердің жолы кесіле ме? Басқа жаңалықтар

Браконьерлердің жолы кесіле ме?

1 сәуірден бастап 31 мамырға дейін Атырау облысында «Бекіре-2019» дәстүрлі балық қорғау акциясы өтеді. Мұнай астанасына кіретін-шығатын жерлерде, сондай-ақ су айдындарына жақын жерлерде 16 күзет бекеті ұйымдастырылады. Бұл туралы Атырауда өткен брифингте ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төраға орынбасарының міндетін атқарушы Нариман ЖҮНІСОВ хабарланды. 29 наурыз 2019, 20:39 2 921 рет қаралды
«Биыл мұнайлы астанадан мың адам жер алады» Басқа жаңалықтар

«Биыл мұнайлы астанадан мың адам жер алады»

Атырау облысында 111 764 азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесінің кезегінде тұр. Оның ішінде ең көбі Атырау қаласында - 86963, Жылыойда 10958 адам, ал ең төмені - Исатай ауданында 500 адам тіркелген. Бұл туралы брифингте Атырау облысы жер қатынастары басқармасының  басшысы Әлібек ЕРМЕКҚАЛИ мәлімдеді. Биыл 2257 азамат кезегі бойынша жер теліміне қол жеткізеді.  Оның ішінде 1000 қала тұрғыны Зарослый, Көкарна, Водников-2 және 3, Еркінқала-2 және Еркінқала-3 елді мекендерінен жер алмақ. 20 наурыз 2019, 14:20 2 683 рет қаралды
Балыққа не болған? Суға батты. Белгілі нәрсе осы ғана Басқа жаңалықтар

Балыққа не болған? Суға батты. Белгілі нәрсе осы ғана

Жайықта мұз ерігеннен кейін балықтың жаппай қырылуына қатысты ахуал шиеленісе бастады: мұз астынан әлі қаншасы жүзіп шығатыны және қаншасы мұз құрсауында қалғанын білмейміз, бірақ қазір көзге көрініп тұрғанының өзі шошытпай қоймайды. Ең оптимист сарапшылардың болжамы бойынша, балық қорын өткен жылдың деңгейіне дейін қалпына келтіру үшін кем дегенде бес жыл қажет дейді. 11 наурыз 2019, 17:45 3 287 рет қаралды
Студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің жалақысы ұнады Басқа жаңалықтар

Студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің жалақысы ұнады

Жергілікті жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесуде Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросы департаментінің басшысы Нығмеджан САПАРОВ пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВ өз ведомстволарының айырмашылығын айтып, білім департаментінде және Атырау ҚІІБ-дегі пара алушылар ұсталғаны түсірілген бейнежазбаны көрсетті, сондай-ақ, олар өз қызметкерлерінің жалақысы туралы және басқа да сұрақтарға жауап берді. Сурет 5 наурыз 2019, 12:30 3 316 рет қаралды
Аудандарда кездесетін таныс оқиға Басқа жаңалықтар

Аудандарда кездесетін таныс оқиға

2017 жылдың аяғында Мақат (25) пен Доссор (22) кенттерінде 47 қоқыс алаңын салу үшін бюджеттен 33 млн 810 мың теңге бөлініп, тендер қорытындысы нәтижесінде «Эра» ЖШС мердігер болады. Дегенмен кейін аудандарда жиі кездесетін құбылыс – мердігердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы мұнда да орын алып, жергілікті билік сотқа берді. Алайда мамандардың заңды білмеуінен өздері таяқ жеді. Сурет 27 ақпан 2019, 09:58 2 674 рет қаралды
Тағы бір жыл Басқа жаңалықтар

Тағы бір жыл

Бүгін, 20 ақпанда, Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Жайық» спорт кешенінде жұртшылық алдында 2018 жыл үшін есеп берді. Бұл шараға ҚР қоғамдық даму министрі Дархан ҚАЛЕТАЕВ, облыстың бұрынғы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, бұрынғы бірінші орынбасарлар – қазіргі сенаторлар Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ пен Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ келді. Айта кету керек, соңғы екеуін кейінірек залдан сөйлегендердің бірі мысқылмен АҚШ долларына теңеген еді.  Сурет 20 ақпан 2019, 19:33 4 117 рет қаралды
Төлемегеннің ақысы ма? Басқа жаңалықтар

Төлемегеннің ақысы ма?

«Жертөлелер суға толған, бірінші қатардағы пәтерлер іші қыста сыз, жазда масаға толы. Кіреберістерде электр қораптары ашық, ток желілері салбырап тұр. ПИК мүлдем жұмыс істемейді...». Тұрғындардың осындай шағымдарымен «АЖ» тілшісі Мақат ауданының орталығына барып, олардың сөздеріне көз жеткізіп қайтты. Ал ПИК қызметкерлері өз кезегінде кассаның бостығын алға тартады: қай ақшамен жасаймыз? Сурет Бейнежазба 19 ақпан 2019, 15:48 4 102 рет қаралды