Атырау, 24 қараша 19:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аудандарда кездесетін таныс оқиға

Сурет
2 504 просмотра

2017 жылдың аяғында Мақат (25) пен Доссор (22) кенттерінде 47 қоқыс алаңын салу үшін бюджеттен 33 млн 810 мың теңге бөлініп, тендер қорытындысы нәтижесінде «Эра» ЖШС мердігер болады. Дегенмен кейін аудандарда жиі кездесетін құбылыс – мердігердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы мұнда да орын алып, жергілікті билік сотқа берді. Алайда мамандардың заңды білмеуінен өздері таяқ жеді.  

Келісімшарт талаптары бойынша жұмыстың аяқталу мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленген. Алайда ЖШС өз жұмысын уақытында аяқтай алмады, Мақатта екі, ал Доссорда он бес жоспарланған алаң мүлде салынбаған. Ал салған алаңдарын аудандық ТКШ бөлімі сапасыз деп бағалады. Бірақ бөлінген қаржының 90 пайызы ЖШС есепшотына аударылған.

Аудандық ТКШ  2018 жылдың аяғында мердігерді жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша Атырау облыстық мамандандырылған экономикалық сотына береді. Алайда сот мердігерді жосықсыз қатысушы деп тану жөніндеге талапты ішінара қанағаттандырып, тек бюджет пайдасына 3 млн 381 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіруге ғана шешім шығарды. Өйткені талапкер заң бойынша жұмыстың аяқталу мерзімінен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде сотқа жүгінуі керек еді. Талап арыз кеш берілген.

Мақат аудандық ТКШ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдос АЙЖАРЫҚОВ:

- Біз бұл жұмысты толық аяқтауды міндеттеуге және жосықсыз қатысушы деп тану үшін мердігер аппеляциялық сотқа беретін болып шештік.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

27 ақпан 2019, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.