Атырау, 22 желтоқсан 21:28
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Конгрессмен Хантер АҚШ-тың өкілдер палатасында Бергей Рысқалиевті қорғауды ұсынды

5 976 просмотра


АҚШ Конгрессінің сайтында осы жылдың 2 сәуірінде өткен өкілдер палатасында республикалық-конгрессмен Дункан Хантердің сөйлеген сөзі туралы хабарлама жарияланған. Ол Атырау облысының бұрынғы әкіміне қатысты сырттай сот шешімін «саяси тұрғыдағы сот қудалауы» деп атады:


«Спикер ханым, Қазақстанның батысындағы Атырау облысының бұрынғы губернаторы Бергей Рысқалиевтың, сонымен қатар, Рысқалиевтың отбасы мүшелері мен елдің батысындағы мұнай өндіруші компаниялардағы әріптестерін қоса алғанда, тағы 22 адамның саяси тұрғыдағы сот қудалауына ұшырауына қатысты алаңдаушылық білдіремін.

Бұл әрекет мұнай табыстарының ашықтығын, қауіпсіз еңбек жағдайын және әділетті еңбекақыны талап ететін жергілікті тұрғындардың заңды жанайқайын басып тастауға бағытталған қазақстандық режимнің келесі қадамына ұқсайды. Жақында батыстағы мұнай өндіруші Жаңаөзен қаласында қазақстандық полиция бейбіт шеруді басып-жаншып, наразылық білдірушілерге оқ атты. Нәтижесінде кем дегенде 16 адам қаза болды.

Қазақстан тарихында Рысқалиев мырзаның лауазымды қызмет атқарған кезіндегідей, билеуші элита мүшелерін үлкен билік пен танымалдылыққа ие болады деп санап, олардың беделін түсіру, тіпті, қылмыстық қудалауға ұшырату - бұл айыптаулардың саяси белгісі бар болуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Бұдан басқа, сот процесін бақылаған тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдар мен батыстың құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшылары Рысқалиев мырзаға қатысты біржақты тұжырымдар жасауға жеткілікті дәлелдер болмағанын, шын мәнінде, оны әділ сот төрелігіне жүгіну құқықтарынан айырып отырғанын атап өтті. 2018 жылғы АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқықтары жөніндегі есептері Қазақстанда сот тәуелсіздігі жоқ екенін және сот процесінің әр сатысында сыбайлас жемқорлықтың айқын көрініс табатынын растайды.

Қазақстан АҚШ-тың стратегиялық серіктесі болуға ұмтылатындықтан әріптестерімді маған қосылуға шақырамын және Мемлекеттік Департаментті Рысқалиев мырзаның ісін қайта қарауға шақыруды және біздің Үкіметте әлемнің осы маңызды бөлігіндегі демократияны алға бастыру жөнінде талқылауға салуларыңызды өтінемін.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты оппозициялық саясаткерлер мен бұрын саяси айыптаулармен сотталған адамдардың қатысуымен билікті бейбіт жолмен беру мәселесі өте маңызды болып отыр».

Бергей Рысқалиев. Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Демек, жұма күні, 5 сәуірде Лондон көшелерінде серуендеп жүрген Бергей Рысқалиев туралы бейнежазбалардың әлеуметтік желілерде таралуы кездейсоқ болмаған. АҚШ Конгрессінің сайтынан алынған ақпаратқа сүйенсек, бұрынғы әкімнің бейнежазбаға жазылған көктемгі серуені енді оның Қазақстандағы дұшпандарына қыр көрсетуі ретінде қабылданады. Егер 70 жастағы калифорниялық конгрессменнің әріптестері оның үндеуіне құлақ асса, онда Рысқалиевтің ісі американдық-қазақстандық үкіметаралық келіссөздер мен байланыстардың күн тәртібіне енгізілуі мүмкін. Бұл сыбайлас жемқорлық үшін сотталған шенеунікті автоматты түрде саяси тұлғаға айналдырады.

...Уикипедияда конгрессмен Дункан Хантер туралы мынадай деректер бар: 1948 жылы 31 мамырда Калифорнияда дүниеге келген, Вьетнамда соғысқан, әскери марапаттары бар. 2008 жылы Республикалық партия атынан АҚШ президентіне үміткер ретінде ұсынылған. Уикипедияда конгрессменнің мұнай компанияларымен байланысы туралы мәлімет жазылмаған.

«АЖ» редакциясы

6 сәуір 2019, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.