Атырау, 24 қараша 19:58
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Үздік маман-2019»: ембіліктер арасында шеберлік байқауының 2-кезеңі қорытындыланды

PR
4 566 просмотра


«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-не қарасты С.Балғымбаев кен алаңының оқу-жаттығу полигоны аумағында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның  «Үздік маман-2019» сайысының 2- тур іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.  Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған екі күнгі байқауда Компанияның құрылымдық бөлімшелерінен  70-тен астам ембілік мұнайшы мұнай-газ саласы бойынша мамандықтың 13 түрінен өзара сынға түсті.



- Биыл бесінші жыл қатарынан «Жайықмұнайгаз» МГӨБ С.Балғымбаев кен алаңы базасында кәсіпорнымыздың үздік мұнайшылары бас қосып келеді. Соңғы жылдары байқаудың ерекшелігі – қатысушылардың көбі жастар болып отыр. Соның ішінде, биыл бесеуі – Дуалды оқыту бағдарламасы бойынша компанияға жұмысқа қабылданған жас мамандар. Олар өз басқармаларында өткен байқаудың І турында тәжірибелі әріптестерінен үздік шығып, екінші кезеңге жолдама алды. Өндіріске жас мамандар келіп, олардың арасынан үздік мамандардың тәрбиеленіп шығуы – компанияның қол жеткізген үлкен жетістігі деп санаймын, - деп атап өтті байқаудың жабылу салтанатында  «Ембімұнайгаз» АҚ  Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.



Корпоративті байқаудың ІІ іріктеу турнирінде әр номинация бойынша үздіктер төмендегідей анықталды:



Жүлделі орындарды иеленген барлық үздік мамандар арнайы дипломмен, ақшалай сертификатпен және имидждік сыйлықпен марапатталды. Байқау жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ шеңберінде өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

«Мұнай-газ өндіру операторы» номинациясы бойынша:

І орын – Ерболат ЖҰМАҒАЛИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

«Ұңғымаларды зерттеу операторы» номинациясы бойынша:

І орын – Абылайхан ЖҰМАҒАЗИЕВ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

«Мұнайды дайындау операторы» номинациясы бойынша:

І орын – Арслан ДЖИЕНАЛИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

«Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы»номинациясы бойынша:

І орын – Асылбек КӨШЕКЕНОВ («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

«Жер қабаты қысымын сақтау операторы» номинациясы бойынша:

І орын – Берекет ЕЛЕУЛИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

«Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы (бригада)» номинациясы бойынша:

І орын – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бригадасы: Равиль ЕСМҰХАНОВ, Әміржан ҚОЙШЕКЕНОВ, Мақсот ШАРИЕВ;

«Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеуші» номинациясы бойынша:

І орын – Асқар ҚАРЫМСАҚОВ («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

«Электр газбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша:

І орын – Әділбек МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

«Токарь» номинациясы бойынша:

І орын – Әлібек ТЛЕПҚАЛИЕВ («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

«Электр монтері (бригада)» номинациясы бойынша:

І орын – «Ембімұнайэнерго» басқармасының «Жайық» аудандық электр торабының бригадасы: Әлібек ТӨЛЕПОВ және Серік ҚОЙШЫБАЕВ;

«Химиялық талдау жасау зертханашысы» номинациясы бойынша:

І орын – Ләззат ИДИРКЕНОВА («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

«ЦА арнаулы көлігінің машинисі» номинациясы бойынша:

І орын – Нұржасар ГАЛИЕВ («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

«Жүк таситын көлік жүргізушісі» номинациясы бойынша:

І орын – Аманқос ҚҰРМАШЕВ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

Жалпыкомандалық есеп бойынша:

І орынды - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұжымы;

ІІ орынды – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұжымы;

ІІІ орынды «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы иеленді.









21 маусым 2019, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған