Атырау, 24 желтоқсан 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырау перинатальдық орталығында босанған әйел кесарь тілігінен соң көз жұмды

Толықтырылды
5 145 просмотра


26 мамырда Атырау облыстық перинатальдық орталығында 24 жастағы әйел қайтыс болды. Орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВ "АЖ"-ға осынау қайғылы оқиғаны растады.

- Ол бізге 24 мамырда 9 айлығында айы-күні жетіп түсті. 25 мамырда шаранасына қауіп төніп тұрғандықтан оған кесарь тілігі жасалды. 4 сағаттан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап кетті. Ең тәжірибелі мамандар оның өмірі үшін күресті. Сәбиді аман алып қалды, ал анасы, өкінішке орай, көз жұмды, - дейді Қ.Нысанбаев. 

- Алдын ала диагноз қойылды ма?

- Иә, қағанақ суы эмболиясы. Енді сою нәтижелері мен сарапшылардың қорытындысын күту керек.  

- Қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіле ме?

- Перзентхана қабырғасындағы әр өлім - біз үшін трагедия. Әзірге сараптама нәтижелерін күтеміз, содан соң қызметтік тексеру басталады.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, осы факт бойынша Атырау қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Осыған байланысты сараптама тағайындалды. Облыс прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВ бұл істі ерекше бақылауға алды.

Фархат ӘБІЛОВ

27 мамыр 2019, 22:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.