Атырау, 22 қараша 21:40
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қытайлық құрылысшы айыппұлмен құтылды

Бейнежазба
4 851 просмотра


Маусым айының соңында әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында тас жол салып жатқан «Howo» ауыр жүк көлігі мен жүк тиегіш көрсетілген бейнежазба тарады. «Жүк көлігінде де, тиегіш машинада да қытайлықтар, ал жергілікті халық жұмыссыз отыр» деген кадр сыртында дауыс естіледі. Қазіргі интернеттің күштілігі сол - бұл ролик сот шешімін шығаруға себеп болды. Бұған дәл сол уақытта Теңіздегі қазақстандық жұмысшылар мен шетелдіктер арасындағы қақтығыстың да әсері болғанын жоққа шығаруға болмайтын шығар.

Бұл қазір «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының құрылысы жүріп жатқан учаске, мұнда қытайдың «Shanghai Construction» құрылыс компаниясы жұмыс жасап жатыр. Тендерді ұтып алған бұл компанияда ресми мәліметтер бойынша 15 шетелдік, негізінен ҚХР азаматтары  жұмыс жасайды.  Жүк салғыш көлік рөлінде отырған адамға қатысты ҚР қылмыстық әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-бөлімі  («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы»)  бойынша әкімшілік іс қозғалды.

- Тексеруге және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың толтырылуына интернетте жарияланған бейнежазба негіз болды. Сотта ҚХР азаматының Қазақстанға іскерлік визамен келгендігі анықталды және бұл өндіріс нысандарында жүргізуші болып жұмыс істеуге құқық бермейді,- деп хабарлады Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

517-баптың аталмыш бөлімі бойынша жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін мерзімге әкімшілік қамаққа алуға немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жiберу шарасы алынады. Бұл жағдайда сот айыппұл салуды таңдады.


Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

15 шілде 2019, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.