Атырау, 22 желтоқсан 20:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

Атырау энергетиктері қуаты 52 МВатт жел электр станциясын іске қосты Басқа жаңалықтар

Атырау энергетиктері қуаты 52 МВатт жел электр станциясын іске қосты

Мұнайлы астананың «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынатын жобасы ретінде дайындалған Исатай ауданы, Манаш ауылындағы жел электр станциясы жақында орталық жүйеге толық қосылды. 11 тамыз 2019, 10:17 7 599 рет қаралды
«Картоп пен жұмыртқа ғана сырттан келеді» Басқа жаңалықтар

«Картоп пен жұмыртқа ғана сырттан келеді»

Өткен жылы жергілікті бюджетте субсидияларды төлеуге 1,2 миллиард теңге бөлінгені, алайда, оның 800 миллион теңгесі жыл соңында республикалық бюджетке игерілмеген қаржы ретінде қайтарылғаны естеріңізде болар. Осы мәселе Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫҢ қатысумен өткен брифингте  тағы да айтылды.  9 тамыз 2019, 14:51 3 436 рет қаралды
Тексеру үшін азғана ет жетеді Басқа жаңалықтар

Тексеру үшін азғана ет жетеді

«Дина» базарында ет сатушымын. Ғимараттағы зертхана мамандары күнде таңертең сатуға әкелген етімізден жарты келіге жуық ет кесіп алып кетеді. Базарда 50-ден астам ет сатушы бар. Тексеру үшін азғантай түйір ет жетпей ме?  5 тамыз 2019, 19:18 5 223 рет қаралды
Қай өңірдің өрт сөндірушілері мықты Басқа жаңалықтар

Қай өңірдің өрт сөндірушілері мықты

31 шілде - 3 тамыз аралығында Атырауда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында ҚР-ның жазғы чемпионаты өтті. Чемпионат биыл ерлер арасында 16-шы рет, әйелдер арасында 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Ал Атырауда екінші мәрте өткізілуде. Сурет Бейнежазба 5 тамыз 2019, 19:54 3 561 рет қаралды
Ескі Атыраудың орнына Тұңғыш президент саябағы салынады Басқа жаңалықтар

Ескі Атыраудың орнына Тұңғыш президент саябағы салынады

Атырау қаласында сүріліп жатқан ескі қаланың орнына  Тұңғыш президент саябағы, ту тұғыры, достық үйі, ХҚКО, музей және мектеп салынады. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық сәулет және қалақұрлысы бөлімінің басшысы Ерлан ҚАБДИНОВ мәлімдеді. 30 шілде 2019, 09:52 4 579 рет қаралды
Сүйіндіктегі қой қырғыннан кейін қойшешекті де аса қауіпті аурулар қатарына қосады Басқа жаңалықтар

Сүйіндіктегі қой қырғыннан кейін қойшешекті де аса қауіпті аурулар қатарына қосады

Атырау облысында биыл жануарлардың 9 түрлі аса қауіпті аурларының алдын алу үшін 1 млн 658 мың доза вакцина сатып алынып, тегін екпе жүргізілуде. Алдын алуға жататын қауіпті аурулардың тізіміне (құтыру, сібір жарасы, иттің эхинококкозы, сиырдың қарасан, пастереллез, нодулярлы дерматит ауруы және т.б.) келесі жылдан бастап Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында қой мен қозыларды қырған қой шешекті де қосады.  Бұл туралы брифингте Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ мәлімдеді. 30 шілде 2019, 12:24 4 662 рет қаралды
Арыстық балалар «Тұлпар» жазғы лагерінде демалады Басқа жаңалықтар

Арыстық балалар «Тұлпар» жазғы лагерінде демалады

Бір ай бұрын әскери қоймалар жарылған Арыс қаласының 90 баласы қала шетіндегі Бесікті ауылында орналасқан «Тұлпар» жазғы лагерінде демалып жатыр. Олардың алғашқы легі – 41 бала 14 шілдеде келсе, қалғаны 28 шілдеде Атырау жеріне аяқ басты. Екі топ та осында бір ай болады.   Сурет Бейнежазба 29 шілде 2019, 16:48 4 545 рет қаралды
Аудан мен аудан айтысты Басқа жаңалықтар

Аудан мен аудан айтысты

Атырау облысы айтыскерлерінің арасында Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласы аясында биыл қолға алынған жекпе-жек айтыс жобасын 20-22 шілдеде Қызылқоға ауданы ақыны  Шалқарбай ІЗБАСАРОВ пен мақаттық ақын Нұрбек САРБАСОВ жалғастырды.  25 шілде 2019, 13:20 2 894 рет қаралды
Жайық жағасындағы бөшкелер адамдарды алаңдатты Басқа жаңалықтар

Жайық жағасындағы бөшкелер адамдарды алаңдатты

Жайық өзенінің ағысы бойынша қаладан жоғары тұрған Береке ауылы тұсындағы өндірістік базада тұрған бөшкелер - сыртқы жазбаларына қарасақ, химиялық реагенттер - түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде халықтың алаңдаушылығын тудырды.  Сурет 24 шілде 2019, 11:32 4 045 рет қаралды
Ресей ескертпесе, карантин болмас па еді? Басқа жаңалықтар

Ресей ескертпесе, карантин болмас па еді?

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы аттас шаруа қожалығындағы мыңдаған асыл тұқымды еділбай қойының өліміне байланысты Сүйіндік ауылына карантин жарияланады. Бұл туралы Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 24 шілде 2019, 18:54 3 149 рет қаралды
Аудандарда да коммуналдық жағажай болады Басқа жаңалықтар

Аудандарда да коммуналдық жағажай болады

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс аумағында 129 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. 1 млн 273 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы брифингте Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат ЕРЖАНОВ мәлімдеді. 23 шілде 2019, 12:05 2 496 рет қаралды
Тұрғын үйдің бастапқы жарнасына миллиард бөлінді Басқа жаңалықтар

Тұрғын үйдің бастапқы жарнасына миллиард бөлінді

Биыл облыстық бюджеттен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында бастапқы жарнаны әлеуметтік қолдау үшін 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Әрбір тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 миллион теңгеден артық емес мөлшерде болады. Бұл туралы брифингте Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ мәлімдеді. 20 шілде 2019, 19:58 3 258 рет қаралды
Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды Басқа жаңалықтар

Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды

Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу мәселесі шешілгенше, Атырау полициясы осы көліктердің ереже бұзған жүргізушілерін жауапкершілікке тарту жолдарын іздестіріп, тауып та жатыр. 19 шілде 2019, 13:25 4 066 рет қаралды
Премьер-министр Мамин Атырауға келді Басқа жаңалықтар

Премьер-министр Мамин Атырауға келді

17 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.  Үкімет басшысы облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Соның ішінде  АМӨЗ, «Атыраумұнаймаш» ЖШС, «Шеврон» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлары зауытына барды.  «Ұлттық өнеркәсіптік мұнай-химия технопаркі» СЭА жұмысымен де танысты. Кеште ТШО ғимаратында ол мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 11:21 5 173 рет қаралды
Су – тілсіз жау Басқа жаңалықтар

Су – тілсіз жау

Атырау облысында соңғы 6 айда 18 адам судың құрбаны болды. Оның ішінде 6 жағдай суға шомылу маусымы кезінде орын алған. Бұл қайғылы дерек Атырау облыстық ТЖД ұйымдастырған пресс-тур барысында айтылды. Журналистер құтқарушылармен бірге катермен Жайық өзені бойымен жүріп, адамдардың көп жағдайда бейғам, мұндай жамандық өздерінен аулақ жүретіндей сезінетіндеріне көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 17 шілде 2019, 11:18 6 955 рет қаралды
Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды

15 шілдеде Атырауда түрлі саладағы қолөнершілердің басын қосатын «Дәстүр» өнер орталығы ашылды. Мұнда келушілер өнерпаздардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып қана қоймай, шеберлердің сабақтарына да қатыса алады: олар бұл жерде матаға маржан тастар орнату, жүннен бұйымдар жасау, кілем тоқу, біз кестемен жұмыс, киіз басу, зергерлік және қыштан бұйым жасау құпияларымен бөліседі. Сурет 17 шілде 2019, 11:41 5 871 рет қаралды
 Атырауда Балықшылар мерекесі тойланды Басқа жаңалықтар

Атырауда Балықшылар мерекесі тойланды

Бүгін, 12 шілдеде Атырауда Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні тойланды. Мерекелік шара дәстүр бойынша таңғы 6:30-да орталық көпір маңында Жайықтан әуесқой балық аулаудан басталды. Ал 9:30-да «Атырау» шипажайы тұсындағы жағалауда бекіре тұқымдас балықтардың шабағын өзенге жіберу рәсімі өтті.  Сурет Бейнежазба 12 шілде 2019, 19:13 5 753 рет қаралды
Көне қала жәдігерлері Басқа жаңалықтар

Көне қала жәдігерлері

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі мамыр айында Атырау қаласының іргесіндегі ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Жақында қалашықта БАҚ өкілдеріне арнап пресс тур ұйымдастырып, қазба жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Сурет 9 шілде 2019, 15:30 7 827 рет қаралды
Қырылған балықтарға қатысты сот ісі: айыпталушылар кінәларын еш мойындамады Басқа жаңалықтар

Қырылған балықтарға қатысты сот ісі: айыпталушылар кінәларын еш мойындамады

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша негізгі сот отырысы басталды. Айыпталушылар орындығында – «АСА» КМК бұрынғы директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ, оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту станциясының бастығы Михаил ЧУРСИН. Олар әйнек қоршаудың ішінде емес, адвокаттардың жанында отырды (оларға тергеу және сот отырысы кезінде басқа жаққа шықпау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған). Сурет Бейнежазба 8 шілде 2019, 14:55 4 109 рет қаралды
«АЖ» тілшісі Ләззат Қаражанова Т. Амандосов атындағы сыйлықтың иегері атанды Басқа жаңалықтар

«АЖ» тілшісі Ләззат Қаражанова Т. Амандосов атындағы сыйлықтың иегері атанды

БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында қазақ журналистикасының негізін салушы профессор Тауман Амандосов атындағы Атырау облыс әкімі сыйлығының иегерлері анықталды. Бұрын жыл сайын өтетін байқау қазір екі жылда бір рет өткізіледі. 3 шілде 2019, 17:32 4 304 рет қаралды
Өр мінезін өлеңге қосты Басқа жаңалықтар

Өр мінезін өлеңге қосты

Атырауда ақын жерлесіміз Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтті. «Жыр менің жалғыз тарланым» деген атпен ұйымдастырылған жабық мүшәйраға еліміздің барлық облысынан бүркеншік атпен жүзге тарта ақын өлеңдерін жолдаған. Сурет 28 маусым 2019, 17:11 5 066 рет қаралды
«Ақжайық» резерватынан әуесқой балық аулауға болады Басқа жаңалықтар

«Ақжайық» резерватынан әуесқой балық аулауға болады

Атыраулық әуесқой балықшылар 21 маусымнан бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан балық аулай алады. Бұл бастама резерват құрылғаннан бері алғаш көтеріліп отыр. Сурет 26 маусым 2019, 16:48 4 398 рет қаралды
Атырауда ҰБТ басталды: бұрынғыдай қарбалас жоқ Басқа жаңалықтар

Атырауда ҰБТ басталды: бұрынғыдай қарбалас жоқ

Бүгін, 20 маусымда Атырау облысында ҰБТ басталды. Облыс орталығында талапкерлер Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ ғимаратында тестілеуден өтті. Мен ҰБТ-ның өткізілуін көп жылдан бері бақылап жүрмін. Биыл емтихан төңірегінде айтарлықтай дүрлігіс жоқ екенін атап өту керек. Сурет 20 маусым 2019, 17:09 3 179 рет қаралды
Ең үлкен балық – 1 келі сазан Басқа жаңалықтар

Ең үлкен балық – 1 келі сазан

16 маусымда орталық көпірден «Атырау» ДСК ғимаратына дейін қармақшылар тізіліп сап түзеді: мұнда қалалық әкімдік жазғы балық аулау маусымының ашылуына орай әуесқой балық аулаушылар жарысын өткізді. Сайысқа 100-ге жуық адам қатысып, таңғы 6:30-дан 10.30-ға дейін созылды. Шынын айту керек, балық аз болды, тіпті ештеңе ұстамай кеткендер де бар. Сурет Бейнежазба 18 маусым 2019, 11:45 5 377 рет қаралды
Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек Басқа жаңалықтар

Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек

«Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады» деген қазақ халқы ежелден жылқы баптауға ерекше мән берген. Аттың жүйрігін тұрпатынан таныған Күренбай секілді сыншылар да тарихтан белгілі. Бұл өнер қазір де жоғала қойған жоқ. Біз осы ат сыны жөнінде Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері клубының директоры Өнербек ЖАНБАЛАМЕН әңгімелескен едік. Сурет 12 маусым 2019, 11:12 20 361 рет қаралды
"Халық жаулары" қыздарының қилы тағдыры Басқа жаңалықтар

"Халық жаулары" қыздарының қилы тағдыры

Жария болған архив материалдары бойынша, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мыңнан астам адам кінәсіз сотталып, оның ішінде 25 мың адам ату жазасына кесілген. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-өлкетану музейі осындай қайғыға тап болған атыраулықтардың жанұясымен кездесу өткізді. Қызыл сталиндік қырғынға ұшыраған миллиондаған тағдырлардың екеуін ғана назарларыңызға ұсынамыз. Сурет 11 маусым 2019, 17:24 4 777 рет қаралды
Он төрт жыл бұрынғы берілген өтініштер бойынша жер беру басталады Басқа жаңалықтар

Он төрт жыл бұрынғы берілген өтініштер бойынша жер беру басталады

2019 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне 2005 жылы тіркелгендердің өтінімі қарала бастайды. 2005 жылы жер кезегіне 2572 адам тіркелген. Жер тек қала сыртынан ғана беріледі. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді. 8 маусым 2019, 16:02 5 368 рет қаралды
Жабайы жағажайларда да құтқарушылар болады Басқа жаңалықтар

Жабайы жағажайларда да құтқарушылар болады

ТЖД мәліметтері бойынша, өткен жылы Атырау облысында шомылу маусымында 9 адам суға кеткен, оның екеуі - бала. Ал кезекті шомылу маусымының басталуына аз уақыт қалды. 24 мамырдан бастап жергілікті құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Сурет 7 маусым 2019, 14:17 3 021 рет қаралды
Жыңғыл түбіндегі тіркеу құжаттары Басқа жаңалықтар

Жыңғыл түбіндегі тіркеу құжаттары

Жайық жағасындағы айналма көпір маңында 2018 жылдың қарашасында Тәжікстан мен Өзбекстаннан Атырауға келген гастарбайтерлердің саусақ іздері басылған тіркеу құжаттары шашылып жатыр. Бұл туралы сол маңдағы ықшамаудан тұрғындары редакцияға жасырын хабарлады. Толықтырылды 5 маусым 2019, 10:16 6 179 рет қаралды