Атырау облысы айтыскерлерінің арасында Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласы аясында биыл қолға алынған жекпе-жек айтыс жобасын 20-22 шілдеде Қызылқоға ауданы ақыны Шалқарбай ІЗБАСАРОВ пен мақаттық ақын Нұрбек САРБАСОВ жалғастырды.
Ақындар сөз таластырса, қос ауданның өнерпаз, әнші, күйші сал серілері өнерлерін ортаға салды. Екі ауданда өткен айтыс соңында өнерпаздар тең деңгейде бағаланып, әрқайсысы 500 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ