Атырау, 24 қараша 19:58
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ең үлкен балық – 1 келі сазан

Сурет Бейнежазба
4 884 просмотра

16 маусымда орталық көпірден «Атырау» ДСК ғимаратына дейін қармақшылар тізіліп сап түзеді: мұнда қалалық әкімдік жазғы балық аулау маусымының ашылуына орай әуесқой балық аулаушылар жарысын өткізді. Сайысқа 100-ге жуық адам қатысып, таңғы 6:30-дан 10.30-ға дейін созылды. Шынын айту керек, балық аз болды, тіпті ештеңе ұстамай кеткендер де бар.

Жарыс қорытындысында жалпы салмағы 3,7 келі балық аулаған жас балықшы Сейілхан АМАНГЕЛДІ жеңімпаз атанып, басты сыйлыққа тігілген ескекті үрмелі қайыққа ие болды. Бұдан бөлек қармақшылар арасынан «Ең кәрі қатысушы» (79 жаста), «Ең жас қатысушы» (7 жаста), «Қармағына ең бірінші балық түскен» қатысушы, «Балықшы қыз» және «Ең үлкен балық» (салмағы 1,1 келі торман) номинациясы бойынша қатысушыларға түрлі сыйлықтар берілді.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

18 маусым 2019, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.