Атырау, 19 сәуір 07:21
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Футбол алаңдарын жөндеуге ақша бөлінді

Сурет
2 736 просмотра


Аулалардағы 12 футбол алаңын жөндеуге 45,8 млн теңге бөлінді, деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде.

Алайда бөлімдегілер жөнделетін футбол алаңдарының мекенжайларын атаудан бас тартты. Бұл алаңдардың мүшкіл жағдайда екендігі, олардың көпшілігі Привокзальный ықшам ауданында орналасқандығы белгілі. Қалада барлығы 52 футбол алаңы бар.

Бөлінген сомаға металл қоршаулар жөнделіп, сырланады, жалпы алаңы 430 шаршы метр торлар ауыстырылады, төсемі қиыршықтаспен тегістеледі, құм мен резеңке үгіндісі себіледі, жалпы алаңы 9400 шаршы метрге жасанды шөп төселеді.

Қаланың басқа бөліктеріндегі қалған футбол алаңдарының қашан жөнделетіні туралы сұраққа шенеуніктер жауап беруден бас тартты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 тамыз 2019, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.