Атырау, 24 қараша 12:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қай өңірдің өрт сөндірушілері мықты

Сурет Бейнежазба
3 434 просмотра

31 шілде - 3 тамыз аралығында Атырауда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында ҚР-ның жазғы чемпионаты өтті. Чемпионат биыл ерлер арасында 16-шы рет, әйелдер арасында 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Ал Атырауда екінші мәрте өткізілуде.

Төрт күнге созылған өрт сөндірушілер жарысына еліміздің әр түкпірінен 300-дей спортшы қатысып, шабуыл сатысымен жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу, кедергілі жолақтан өту, командалық өрт эстафеталары бойынша шапшаңдықтарымен сыналды.

Жарыс бағдарламасының ең қиын түрі 100 метрлік кедергілі жолақтан өту тапсырмасы болды. Бұл сынақ «Самал» ықшам ауданындағы жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру бөлімі ғимараты алаңында ұйымдастырылды. Бұл сында ерлер биіктігі 2 метр ал, әйелдер 80 см дуалдан қарғып өту арқылы өрт сөндіру жеңдерін тез жалғап, бір ұшын мәреге жеткізуі керек болды. Тапсырманы ерлер арасында ШҚО-нан келген Ералы АБЗАЛОВ 16,52 секундта орындаса, әйелдер арасында елордалық Елена ГЕПТИНА 17,46 секундта бірінші болып еңсерді.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жалпы командалық есеппен Маңғыстау облысы бірінші орынды иеленсе, Алматы қаласы екінші, Шығыс Қазақстан облысы үшінші орынды жеңіп алды. Ал әйелдер арасындағы чемпионатта Шымкент қаласының командасы мықтылық танытса, Нұр-Сұлтан қаласы екінші, Ақтөбе облысының командасы үшінші орынды еншіледі.



Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

5 тамыз 2019, 19:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.