Атырау, 24 қараша 19:41
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда ҰБТ басталды: бұрынғыдай қарбалас жоқ

Сурет
3 067 просмотра


Бүгін 20 маусымда Атырау облысында ҰБТ басталды. Облыс орталығында талапкерлер Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ ғимаратында тестілеуден өтті. Мен ҰБТ-ның өткізілуін көп жылдан бері бақылап жүрмін. Биыл емтихан төңірегінде айтарлықтай дүрлігіс жоқ екенін атап өту керек.

Түлектер алғаш рет ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігін алды. Осыны пайдаланған түлектердің көпшілігі қаңтар мен наурызда тестілеуден өтті. Соның ішінде тренинг ретінде де өтіп, керемет практикалық және психологиялық даярлық тәжірибесін жинақтады. Ата-аналар да алаңсыз: грант алу мүмкін болмаса, ақылы негізде таңдалған жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі бар. Талапкерлерде 5 жыл бойына қайта тапсыруға мүмкіндік болмады. ҰБТ-дан құлаған түлектер шетелге – ең болмағанда, Ресейге және Қытайға оқуға кетуге мәжбүр болды. Өйткені өз отанында сол оқу жылында жоғарғы оқу орнына жол жабық болатын.

- Ұлым Қанат жыл басталғалы екі рет ҰБТ тапсырды. Сондықтан бұл жолы күйзеліс болған жоқ. Енді жауаптарды парақта қалай белгілеу керектігін, қалай штрихтауды, қандай бағанға не жазу керектігін біледі. Алдыңғы сынақтарда әуелі 71, содан кейін 83 балл алды. Сондықтан ақылы негізде жоғарғы оқу орнына өтуге рұқсатымыз бар. Ал бүгінгі мақсатымыз – грант алу, - деп әңгімелейді Жаңыл КӨШҚАЛИЕВА. - Ұлым физикалық-математикалық бағытты таңдады. Ол анағұрлым кең мүмкіндіктер береді. Ол жерде 52 мамандық бар. Сәтпаев атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу университетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр.

Оның екі үлкен қызы 2003 және 2005 жылдары ҰБТ тапсырған. Жаңыл сол кезде балаларының қалай уайымдағанын жақсы біледі және ұлының дайындық процесіне анағұрлым сабырлы қарағанын айтады. Емтихан алдында ешқандай ұйқысыз түндер мен қорқыныш болмаған.

Әрине, толқып, әбігерге түсу сезімі болды. Университет жанында полицейлер, жедел жәрдем және өртке қарсы күрес қызметкерлері кезекшілік етеді. Қаладағы түлектерге мектеп жанына сағат 7.15-те жиналу керектігін айтқан. Түгенделгеннен кейін олар АМУ-ге аттаныпты. Негізгі топ таңертеңгі сағат 8-де келді. Бірақ 9-ға жақын университеттің жаңа ғимаратына кешігіп қалған талапкерлер келді.

Сынып жетекшілері мен мектеп директорлары түлектермен бірге турникеттерден өтті. Ғимаратқа кірер алдында талапкерлер сынып жетекшілеріне өздерінің сөмкелері мен жеке заттарын қалдырып кетті. Металл іздегішпен тінту кезінде табылған телефондарын да мұғалімдеріне сақтауға берді. Киімге жасырылған гаджеттің табылуына қатысты талапкерлерге ешқандай ескерту болған жоқ. Ереже бұзушылар тарапынан да ешқандай реакция болмады. Қайтсін, үйлеспей қалды. Ескі тәсіл.

Тестілеу орталығы орналасқан негізгі ғимаратта ұялы байланыс жұмыс істемеді. Ал талапкерлерді қолдау тобы – олардың ата-аналары мен достары жүрген ескі ғимарат жанында әріптестеріммен хабарласу мүмкін болды.

Мұғалімдер мен ата-аналардан балаларына гаджетті алып кіру мүмкін болса, бұрынғыша емтихан тапсырмасын салып жіберу үшін олар кезекшілік ете ме деп сұрадым. Олар соңғы екі жылда «тұншықтырғыштар» мықты жұмыс жасайтындықтан, пайдасыз әрекеттерді тоқтатқандарын айтып сендірді.

Кешкісін бұл жерге нәтижелерін білу үшін ешкім жиналмайды. Нәтижелерді талапкерлердің телефондарына жолдайды. Немесе ҰБТ бойынша берілген есепті www.testtcentr.kz сайтынан қарауға болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА       

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 маусым 2019, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.