Атырау, 23 желтоқсан 18:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Елорда прокуратурасы үлескерлердің құқықтарын қорғауда

589 просмотра
Фото: ChatGPT

Елордада 6 мыңнан астам адам салымшылары бар тұрғын үйлер кешендерін заңсыз салу анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергелуде, 12 адам қамауда.

Құны 7 млрд теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы прокурордың 8 талабы сотпен қанағаттандырылды.

Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асырған 51 құрылыс салушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды.

Бұдан басқа, рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту жүзеге асырылған «Qurmangazy» тұрғын үй кешенін бұзуға қол жеткізілді.

Өз кезегінде, құқық белгілейтін құжаттардың, сондай-ақ дайын және салынып жатқан тұрғын үй кешендері бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар екенін https://homeportal.kz/shared-construction-objects сілтеме бойынша өту арқылы тексеруге болады.

22 қараша, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.