Атырау, 23 желтоқсан 20:22
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қырғызстан көмір экспортына тыйым салды

643 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қырғызстанның министрлер кабинеті елден көмірді ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге тасымалдауға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Kazinform.

Қаулыға сәйкес, тыйым алты ай мерзімге салынады. «Иркештам-автодорожный» және «Торугарт-автодорожный» автомобиль өткізу бекеттерінен басқа барлық жерде тыйым салынған. Шектеу «Қырғызкөмір» мемлекеттік кәсіпорны ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 2701 және 2702 кодтары бойынша жіктелген көмірді Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы автомобиль көлігімен экспорттаған кезде қолданылмайды.

Бұған дейін Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрлігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдерден Қырғызстан аумағына темекі әкелуге, транзитке және кері экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салуды ұсынды. 

Ағымдағы жылдың тамыз айында елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге металл сынықтары мен қалдықтарын әкетуге уақытша тыйым салу ұзартылды.

22 қараша, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.