Атырау, 2 қараша 19:41
 дождьВ Атырау +16.7
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

​Атырауда құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы облыстық энергетика басқармасы басшысының орынбасары болды

148 рет қаралды

Нұрболат Бөлеков Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған.

Кадрлық тағайындау туралы Атырау облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының ресми парақшасында хабарланды.

Жаңа орынбасар туралы не белгілі?

Нұрболат Бөлеков 1988 жылы 3 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданының Есбол ауылында дүниеге келген.

2010 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде заңгерлік білім алған.

Еңбек жолын 2011 жылы «Жігермұнайсервис» ЖШС-де слесарь-монтаждаушы болып бастаған.

Кейін мұнай-сервис секторындағы жеке компанияларда инженерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2012–2013 жылдары «АтырауПромГеофизика» ЖШС инженер-геофизигі болды.

2013-2016 жылдар аралығында «Каспиан Рэйдио Сервисес» ЖШС-де жабдықтар бойынша менеджер болып жұмыс істеді, ал 2016–2018 жылдары осы компания директорының орынбасары лауазымын атқарды.

2019–2020 жылдары «Qazaqtech» ЖШС-де жабдықтар бойынша менеджер болып еңбек етті.

Мемлекеттік органдардағы еңбек тәжірибесі

2022–2023 жылдары Бөлеков Атырау қалалық құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы лауазымын атқарды.

2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің Тұрғын үй құрылысын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты экономикалық талдау басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.

2024–2025 жылдары Атырау қалалық құрылыс бөлімін басқарды.

2025 жылдың мамыр айынан бастап жаңа тағайындауға дейін Мақат аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

Бүгін, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.