Атырау, 2 қараша 18:13
 дождьВ Атырау +16.7
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Теңіздегі Газ сепарациялау кешеніне қажетті құрал-жабдықтар Атырауда жасалып жатыр

Сурет
81 рет қаралды
Сурет: "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ
Сурет: "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ

«АтырауНефтеМаш» ЖШС Теңіз кен орнында салынып жатқан Газ сепарациялау кешеніне (ГСК) арналған ірі габаритті үш пропан буллитін әзірлеуге кірісті. Арнайы ыдыстар тазартылған пропанды кейіннен тасымалдағанға дейін қауіпсіз сақтау үшін пайдаланылады. Әр құрылғының ұзындығы 43 метр, ал диаметрі 7,5 метр. 

Өндіріс алаңына барып, жұмыс барысымен танысқан «KMG PetroChem» АҚ Басқарма төрағасы Диаз Дияновтың айтуынша, зауытқа қажетті жалпақ металдың барлық партиясы жеткізіліп, кіріс бақылауы мен инспекциядан сәтті өтті.

Қазіргі уақытта мамандар бұйымдардың корпусын жасауға кірісті. Жаңа пропан буллиттерінің сипаттамасы:

  • Көлемі: 1 808 текше метр;

  • Ұзындығы: 42,75 метр;

  • Диаметрі: 7,5 метр.

Теңіздегі Газ сепарациялау кешенінің жобалық қуаты жылына 9,1 млрд текше метр құрғақ газды өңдеуге есептелген. Оның нәтижесінде жылына 1,6 млн тоннаға дейін этан мен 360 мың тонна пропан өндіріледі. Алынған пропан — полипропилен, ал этан — полиэтилен өндіруге шикізат ретінде пайдаланылмақ.

Жобаға жауапты «KMG PetroChem» отандық кәсіпорындарды қолдау саясатын ұстанады. Тапсырыстарды отандық зауыттарда орналастыру жергілікті қамтуды дамытуға, отандық машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ірі мұнай-газ химия жобаларына жергілікті өндірушілерді кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Бүгін, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.