Атырау, 23 желтоқсан 19:30
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Өнеркәсіп комитеті өзінің 20 жылдығын атап өтуде

541 просмотра
gov.kz

Өнеркәсіп комитетінің 20 жылдығына орай саланың бірқатар қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

 Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп комитеті өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы күнге орай министрлікте салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Оған ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, өнеркәсіп комитетінің басшысы Азамат Панбаев, ведомство қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.

Алдымен іс-шараға қатысушыларға еліміздің өнеркәсіптік секторының жетістіктері туралы бейнеролик ұсынылды.

Министр Қанат Шарлапаев мерейтойлық күнімен құттықтады. Ол өнеркәсіп секторының отандық экономиканы дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Содан кейін министрлік басшысы адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін өнеркәсіп комитетінің бірқатар қызметкерлері мен ардагерлерін мерейтойлық медальдармен және наградалармен марапаттады.

Әріптестерін өнеркәсіп комитетінің бірінші төрағасы Мейрам Қажыкен мен оның қазіргі басшысы Азамат Панбаев құттықтады. Олар қазақстандық индустрияның үдемелі дамуын атап өтіп, осы саланы дамытатындардың барлығына алғыстарын білдірді. 

Мерекелік көңіл-күйді орындаушылардың вокалдық қойылымдары күшейтті, сахнада патриоттық әндер шырқалды. Мерекеге қатысқан әрбір адам Комитеттен естелік сыйлықтар алды.

22 қараша, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.